Тұрғындар Маңғыстау облысының телеграм каналында 107-маршруттың жүру уақытына шағымданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жолаушылардың бірі 107-маршруттың жүру уақытын қадағалауды сұрайды. Одан бөлек бұл бағыттағы қоғамдық көлік 12 ш/ а Мұнайшы стадион жағында аялдаманың жоқтығына шағымданады. Яғни, облыстық әкімдікке қарама-қарсы аялдамадан кейін тек қана 16 ш/а 43 үйге дейін ешқандай аялдама жоқ деп отыр.
- Неге 107 маршрутта 5 қана автобус жүр? GPS жасамайды деген сылтау ма? Кейде 8 автобус көрсетеді, GPS қоспай жүре ме?, - дейді тұрғындардың бірі.
Қалада қоғамдық көліктің мәселесі өзекті болып отыр. Өйткені балаларын мектеп пен балабақшаға апаратын ата-ана аз емес. Жолаушылардың бірі 107-автобус бағытының өзгергеніне шағымданады. Ал кей кезде қоғамдық көліктер уақытында келмей қалады дейді.
- Бүгін 8-маршрут уақытында шықпады. Балалар тоңып қалды. Барлығының такси жалдауға жағдай жетпейді. 8-маршруттың сағат 07.00-де жолға шығуына әрекет жасауды сұраймын, - делінген тұрғынның телеграм каналдағы хабарламасында.
Одан бөлек ақтаулықтар 29 ш/а 30 үйдің артында аялдаманың жоқтығына шағымданады.
- Балалар қыста желден тығылып тұрады. Обал болды. Қыс келе жатқан соң ертерек қамдану керек қой, - дейді тұрғын.