Қарағандыда академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде ХV Президенттік олимпиада өтті. Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХV Президенттік олимпиадада Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Аружан Ибрагим ІІІ орынға ие болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Олимпиада 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өткен. Президенттік олимпиаданың республикалық кезеңіне 192 оқушы қатысты. Жеңімпаздар Қазақстан-Британ техникалық университеті (9) және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті (5) сияқты университеттерде оқуға грант алды.