Бұл туралы тұрғын «Маңғыстау облысының әкімдігі» Telegram чат-каналында жазды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«7 адам қалған едік, бірақ бізді қабылдамай, есікті жауып алды. Уақытымыз зая кетті. Неліктен 17 шағынаудандағы Ясин емханасының 207 кабинетінде қан анализі үшін адамдарды қабылдамаймыз дейді? Қан талдауы таңғы 9-ға дейін жұмыс істемейді ме?! Кезекте тұрған адам көп, ал аппараттар жоқ, бұл бірінші жағдай емес. Денсаулық сақтау басқармасы"Ясин" емханасынан қан анализіне қажетті құрал-жабдық алуға көмектесуіңізді сұраймын», – деп жазды Ақтау қаласының тұрғыны Айгүл.
«Бұл "Ясин" емханасында қан тапсыру және кейбір фельдшерлік пункттер бір терезе жоқ жертөледе орналасқан, бұл жағдай өртке қарсы санитарлық нормаларға сай ма?», – деп жазады Ақтау қаласының тұрғыны.
Редакция Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасынан ресми мәлімдеме күтуде.