Бүгін қан талдауға барған тұрғынның сауалына «Ясин» емханасының басшылығы жауап берді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Айтуынша, «Ясин» медицина орталығы 0 қабатта барлығы өртке қарсы санитарлық нормамен қамтамасыз етілген. Онда ешқандай қан анализдері тапсырылмайды. 0 қабатта рентген, флюорография және УЗИ инструментальді қызметтері ұсынылады.
"Сұрақтар бойынша Call-орталықтың 8775 733 36 03 телефонына, сонымен қатар шағым немесе анықтамалар бойынша «Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне» хабарласуыңызға болады", - дейді «Ясин» медициналық орталықтың басшылығы.
Сонымен қатар медициналық орталық қан анализіне келген тұрғындарды соңына дейін қабылдап жүргенін жеткізді.