Ақтауда грэпплингтен жасөспірімдер арасында “QARABALA PALUAN” атты облыстық ашық турнирі өтті. Облыстық турнирге 200-ге жуық спортшы қатысты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық спорт басқармасына сілтеме жасап.
Шараның ашылу салтанатына МО дене шынықтыру және спорт басқарма басшысының м.а. Айбек Имашев қатысып, спортшыларды құттықтап, турнирдің өтуіне үлес қосқан азаматтарды естелік сыйлықтармен марапаттады.
Бұл турнир осы спорт түрінен жыл сайын дәстүрлі түрде өтеді. Турнирдің басты мақсаты - жастарды спортқа баулу және де әлемдік ареналарда өнер көрсетуге даярлау.
“Шараның өтуіне елеулі үлесін қосқан NAIZA лигасының президенті Нұрбек Қарабалаға және де турнирдің серіктестеріне алғысымызды білдіреміз”, - деп атап өтті шараның ұйымдастырушылары.