Төтенше жағдайлар департаментінің 112 нөміріне тұрғындар қоңырау шалып, мүлде болмаған өрт туралы ара-тұра хабарлайды. Мұндай жағдайлар расталмаған өрт дерегі ретінде тіркеледі. Алайда соған қарамастан тұрғындар мұны әдейі істеп, қоңырау шалуын жиі жалғастырады. Бұл орайда ТЖД қызметкерлері барлық хабарланған деректерді тексеріп, оқиға орнына баруға міндетті. Осы ретте департамент жалған өрт қатерлері үшін жауапкершілік барын еске салады, деп хабарлайды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Үкімет қаулысына сәйкес ҚР бүкіл аумағында "112" құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі енгізілген. Бұл нөмір ересектерге де, балаларға да жақсы таныс. Өртке қарсы қызметті уақытылы шақыру азаматтардың өмірі мен мүлкін құтқаруға мүмкіндік береді. Өкінішке қарай, кейде ең маңызды нөмір еркеліктің құралына айналып кетіп жатады.
Жалған қоңырауларды шартты түрде екі түрге бөліп, "қате" және "қасақана" деп қарауға болады. "Қате" дегеннің артында су буы, түтін және басқа жұмыстарды алыстан түтін сияқты сезінетін адамдардан түскен қоңыраулар түрі. Мұндай сын-қатерлер жалған болса да, заңмен жазаланбайды. Өртке қарсы қызметке уақытында қоңырау шалып, уақытты жіберіп алғаннан гөрі, шағын өрттің алапат жалыған айналуына жол бермеген дұрыс. "Қасақана" - бұл жалған өртке шақыру және заңның барлық қатаң түрімен жазаланады.
Осыған байланысты, Маңғыстау облысының ТЖД шұғыл қызметтердің телефондарын мақсатсыз пайдалану қылмыстық және әкімшілік жазаға тартылатынын ескертеді (ҚР ӘҚБтК 438-бап).
Ал дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама "Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі № 226-V Қылмыстық кодексінің" 273-бабына сәйкес бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Маңғыстау облысы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының хабарлауынша, қазіргі заманғы техникалық құралдар азаматтарды жауапкершілікке тарту үшін оларды оңай есептей алады. Алайда, бірінші кезекте Төтенше жағдайлар қызметі қызметкерлерінің әрбір шақыруының артында адам өмірін немесе мүлкін құтқару мүмкіндігі тұрғанын ұмытпаған жөн.
Ольга Золотых