16-22 мамыр күндері Тегеран қаласында теннистен 18 жасқа дейінгі халықаралық “J3 Tehran“ Optigenpro өтті. Жарыста маңғыстаулық Даниал Рахматуллаев 1-орын иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, финалда маңғыстаулық спортшы Даниал Рахматуллаев жасөспірімдер арасындағы әлемдік алтыншы ракеткасы мароккалық Ильяс Фахиммен сынға түсті. Нәтижесінде Даниал Рахматуллаев қарсыласынан 7:5, 6:1 есебімен басым түсіп, жекелей ойында чемпион атанды.
Ал жұптық ойында Даниал Рахматуллаев пен ресейлік Амирхамза Насридинов 2-орын иеленді.