Гиннестің рекордтар кітабына енген Бибісара Асаубаева V «Sharjah Masters 2022» турнирінде 1-орын иеленді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
20-30 мамыр күндері Біріккен Араб Әмірлігінің Дубай қаласында шахматтан V «Sharjah Masters 2022» халықаралық турнирі өтті.
Ақтау қалалық мәдениет, дене шынықтыру және спорт бөлімі баспасөз қызметінің айтуынша, турнирге әлемнің 32 елінен 80 үздік шахматшы қатысты. Оның ішінде 61 халықаралық дəрежедегі гроссмейстер бар.
Ел намысын Бибісара Асаубаева, Ринат Жұмашев пен Меруерт Камалиденова қорғады. Нәтижесінде Бибісара Асаубаева 9 ұпайдың тең жартысын жинап, әйелдер арасында 1-орынға ие болды.
«Бүгін Sharjah Masters 2022 халықаралық турнирі аяқталды. Турнир өте жоғары дееңгейде өтті. Жүлделі 1-орын алдым. Барлығына рақмет» - деп жазды Бибісара әлеуметтік желідегі парақшасына.