6 қараша күні сағат 19.00-де "Халық Арена" спорт кешенінде "ADAL Promotions" промоутерлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіби бокс кеші өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгін салмақ өлшеу рәсімі өтті. Әсіресе, көзқарас шайқасы, «бетпе-бет кездесуі» ерекше өтті. Содан кейін баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, онда боксшылар журналистердің барлық сұрағына жауап берді.
- Біз жақсы нәтиже күтеміз. Кеш жүз жоғары деңгейде өтетініне және барлық көрермен жақсы бокстан ләззат алатынына үміттенеміз. Бокшыларға жекпе-жекті адал өткізуді тілеймін және ең мықты спортшы жеңіске жетсін, - деді промоутерлік компанияның жаттықтырушысы Марат Джакиев.
Ертең басты жекпе-жекке шығатындар:
- Бекзад Нұрдәулетов (2-0-0) және өзбекстандық боксшы Фаррух Джураев (6-4-1) 79,3 кг дейінгі салмақ дәрежесінде.
- Мейірім Нұрсұлтанов (14-0-0) және беларусь боксшысы Дмитрий Атрохов (16-11-0).
90,7 келіге дейінгі салмақта Айбол Дәуренұлы (Ақтау) Нұрсұлтан Байниязовпен (Ақтау) жұдырықтасады. 66,6 келіге дейінгі салмақта Әли-Мұхаммед Махмут (Ақтау) пен Қыдырәлі Мұраттың (Мұнайлы) жекпе-жегі өтеді, сондай-ақ 76,2 келіге дейінгі салмақта Жеңіс Нұрас ( Ақтау) рингте Жақсылық Өтешкенмен (Ақтау) кездеседі.
53,5 келіге дейінгі салмақта Самат Жетібаев (Шетпе) шаршы алаңға Рахат Махамбетсаиловпен ( Жамбыл) шығады. 58,9 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жолдас Жеңісов (Ақтау) және Нұрғиса Айбек (Түркістан) жұдырықтасып, жекпе-жекті аяқтайды.