Маңғыстау облысында биылғы төрт айда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 6 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- 2021 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 2 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Сот осы жылы - 114, былтыр 107 адамға ерекше талап қойды. Биыл - 1 272, былтыр - 1218 қорғау ұйғарымы шығарылды. Қорғау нұсқамасының талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабымен биыл - 50, 2021 жылы 43 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, ҚР ІІМ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын мәлімдемені күтпей-ақ қорғауды ұсынды. Күш құрылымдары учаскелік полиция инспекторларына жаңа өкілеттіктер беруді, сондай-ақ қорғау нұсқамасының шектеулер тізімін кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз - қару-жарақты сақтауға, үйде алкоголь ішуге тыйым салу. Ал тұрғын ауыр құқық бұзушылық жасаса, оның басқа паналайтын жері болған жағдайда, сот ол адамды 10 тәулікке дейін пәтерден шығаруға құқылы болады. Мамандардың пікірінше, бұл нормалар отбасындағы түрлі қылмыстың алдын алады.