Маңғыстау аудандық орталық ауруханасында видеоэндоскопиялық әдіспен жоспарлы түрде ота жасалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚКО сілтеме жасап.
Операция 44 жастағы ер адамға жасалды. Отаны облыстың штаттан тыс бас хирургі Талғат Мұқантаев жүргізді. Сондай-ақ анестезиолог Жанайдар Абеуов пен ассистент Бекзат Қосым қатысты.
- Науқастың жағдайы - жақсы. Дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Отадан кейінгі күтім бойынша нұсқау берілді. 2-3 күннен соң үйіне шығарылады, - деді аудандық аурухананың директоры Берікқали Қазыбаев.
Аудандық аурухана директоры Берікқали Қазыбаевтың айтуынша, науқастарға көмек міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры арқылы көрсетіледі. Айта кетейік, алдағы уақытта аудандық ауруханада видеоэндоскопиялық әдіспен жоспарлы оталар тұрақты жүргізіледі.