Ақтаудағы әскери бөлімде кезекшілігі аяқталған соң жоғалып кеткен сарбаз Бағлан Әділбеков табылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты adyrna.kz-ке сілтеме жасап.
«2022 жылдың 17 мамырында, сағат 07:15 шамасында 6656 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Әділбеков Бағлан Ақтау қалалық полиция бекетіне өз еркімен келді», - деп мәлімдеді «Батыс» ӨҚ баспасөз қызметі.
Қазіргі таңда қызметтік тергеу жүріп жатыр.
Еске сала кетейік, әскери борышын өтеп жүрген 18 жастағы Бағлан Әділбековтің 4-шағынаудандағы патрульдік бағыттан кетіп қалғаны туралы жақында хабарланған еді.