Бейнеу ауданында «Жасыл ел» бағдарламасы аясында 270 адам жұмысқа орналасты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ҚКО-ға сілтеме жасап.
Аудан әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, «Жасыл ел»-де жұмыс істейтіндердің жас шамасы - 16-29 жас аралығы. Былтыр 230 жас қабылданып, 42 мың тг айлық алса, биыл олардың саны 270-ке жетіп, 60 мың теңге жалақы тағайындалған.
- «Жасыл ел» бағдарламасының негiзгi мақсаты - ауданымызды көгалдандыру, жастардың елге, жерге, табиғатқа деген махаббатын, патриоттық сезiмiн ояту. Ең бастысы - жұмыссыздықты төмендету. Бағдарлама мамыр, маусым, шілде, тамыз айын қамтиды. «Жасыл ел»-дің 60 мүшесі «Есенғали Раушанов орманында» көгалдандыру жұмыстарын 1 мамырдан бастап кетті. Ал, маусым айынан бастап - 70 адам, шілде айында - 70, тамыз айында да 70 адам жұмысқа қабылданғалы отыр, - деді Бейнеу аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Саламат Ғайыпбаев.