Бокстан Қазақстан құрамасының мүшелері АҚШ-та оқу-жаттығу жиынына қатысады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Olympic.kz сілтеме жасап.
Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұлттық құрама спортшылары 30 қаңтарға дейін бапкер Марат Жакиевпен шеберліктерін шыңдайды. Қазіргі таңда Қамшыбек Қоңқабаев, Василий Левит, Бекзат Нұрдәулетов, Закир Сафилуллин мен Айболды Дәуренұлы физикалық дайындықтарын пысықтап жатыр.