Маңғыстаулық қос спортшы Ақтауда өтіп жатқан дзюдодан ел чемпионатында жүлделі болды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Анна Казюлина 52 келі салмақта финалда алматылық қарсыласына есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. Ал 81 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Руслан Мусаевқа қола жүлде бұйырды.
Ел біріншілігінің жүлдегерлеріне Маңғыстау облысының дзюдо федерациясы қаржылай сыйлық берді.
66 келі салмақта сынға түскен балуан Бауыржан Сағынғалиұлы 5-орынға жайғасты. Өкінішке қарай, облыстық құраманың басқа балуандары өңір қоржынына медаль қоса алмады.
Айта кетейік, биылғы ел біріншілігінде жүлде алған маңғыстаулық қос дзюдошы Қазақстанның ұлттық құрамасының сапында.