Жаңаөзенде Тәжік-Ауған шекарасында ерлік еткен ардагерлердің рухына арналған ескерткіш ашылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz Жаңаөзен қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты шара Тәжік-Ауған соғысының 20 жылдығы, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.
«Көпшілікке мәлім 1992-1993 жылдары Тәжікстанда азамат соғысы басталды. Осы кезеңде ТМД елдері Тәжікстанға қол ұшын беруге келісті. 9 жылға созылған шекара қызметінде Маңғыстау облысынан 223, Жаңаөзеннен 42 жауынгер сол шекарада әскери борышын өтеді. Жаудан қорғаған жауынгер-жерлестеріміздің рухына арналып орнатылған бұл ескерткіш жас ұрпақтың ұлттық рухын, патриоттық сезімін арттыруға себепші болатыны сөзсіз», - деді Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Жаңабай Аймағанбетов.