«Жаңаөзен қаласының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің қызметкерлері жүргізген тергеу барысында жасөспірімді анасы ұрып-соққаны анықталды. Қазір жасөспірім ауруханада ем алып жатыр, онымен психологтар жұмыс істейді. Баланы Ақтау қаласындағы бейімдеу орталығына жіберу жоспарланып отыр. Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің қызметкерлері ананы ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттар жинайды», - делінген МО Полиция департаментінің хабарламасында.
Редакция баласын ұрған ананы ата-ана құқығынан айыру жөнінде істеліп жатқан жұмыс жөнінде Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінен жауап күтіп отыр.
Махаббат Нұржанқызы