Бүгін Ақтау қаласы маслихатының депутаты Уәйс Ерсайынұлы және әкімдік қызметкерлері бірлесіп 23 шағын ауданда орналасқан "Асар-С" және 31 ш/а «Мағаш» базарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Мониторингтік топ «Асар-С» базарындағы әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларына талдау жүргізді. Картоптың бөлшек саудадағы бағасы 185-250 теңге, сәбіз 200 теңге екені анықталды. Ал, «Мағаш» базарында көкөніс өнімдерін сатумен айналысатын бірқатар кәсіпкерге қолжетімді бағада сату жөнінде түсіндірме жұмысы жүргізілген.