Ақтаудағы “Меловой” маягының шамы қайта жанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Көп қабатты тұрғын үйдің төбесінде орналасқан маяк теңіз деңгейінен 73 метр биіктікте орналасқан. 1974 жылы құрылған маяк 2011 жылы істен шығып, орнына уақытша заманауи жарық беретін құрылғы қосылған.
“АЭЖБ” МКК мамандары маяк шамын іске қосып, әрі қарай үздіксіз тұрақты жанып тұруын қадағалайды. Ал төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында 24 сағат әскери қызметкердің бақылауында болады.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында маяк шамының қайта жағылуына орай 30 отшашу атылды.
Суреттерді түсірген Талант Құсайын