Мұнайлы ауданы әкімінің өкімімен және облыс әкімінің келісімімен 16 маусымнан бастап Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары қызметіне Қарасаев Нұрбек Қарасайұлы тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарасаев Нұрбек Қарасайұлы – 1979 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Ш. Есенов атындағы университеттің 2007 жылғы түлегі.
2003-2011 жылдар аралығында «Арман» облыстық жастар орталығында мәдени жұмыс бойынша жетекші, директор қызметін атқарған.
2011-2012 жылдар аралығында ҚР дін істер Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша дін істер департаментінің директоры болған.
2012-2013 «МаңғыстауАгропромпроект» ЖШС атқарушы директор.
2014-2017 Маңғыстау облысының индустриялық-инновациялық даму басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы.
2017-2020 «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасының Маңғыстау облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры қызметін атқарған.