Кеше Ақтау қаласы мәслихатының депутаты Абылай Фазылбек және қала әкімдігі қызметкерлері бірлесіп, Дина, Анвар, Алтын Фуд, Лидер сынды супермаркеттерде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына кезекті мониторинг жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала аумағындағы сауда желілеріндегі әлеуметтік маңызы бар өнімдерінің бағаларына талдау жүргізілді. Атап айтсақ, "Анвар" супермаркетінде картоптың бөлшек сауда бағасы 179 теңге, сәбіз 203 теңге.
Ал, «Лидер», «Алтын Фуд» сауда желісінің әкімшілігіне бағаны түсіріп, әлеуметтік сөрелер жасау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Айта кетейік, азық-түліктердің бағасына мониторинг жұмыстары күніне бірнеше рет жүргізіледі.