Бұл туралы Ақтау қалалық құрылыс бөлімінің маманы Еркін Жауқан хабарлады.
Орталық Тәуелсіздік күні қарсаңында пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. 17 шағын ауданда орналасқан нысанның сыйымдылығы 20 мың шаршы метр. Мұнда спорттың 6 түрімен айналысуға болады. Олар: қазақ күресі, бокс, грек-рим күресі, каратэ, таеквондо және ауыр атлетика.
"Спорт кешенінің жанында 99 адамға арналған қонақ үй бар. Алыс-жақыннан келген спортшылар мұнда емін-еркін демалып, жарысқа қатысуға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, сыртында жүзу бассейні, баскетбол, волейбол, футбол стадиондары орналасқан", - деді Еркін Жауқан.