Маңғыстау облыстық көпсалалы аурухана жанындағы консультативтік-диагностикалық емхананың гематолог-дәрігері Назира Сағымбекова Жұмабайқызының сөзіне сүйенсек қазіргі таңда отандық гематология саласында қордаланған мәселелер жетерлік. Соңғы уақытта анемия, яғни қан аздық, қан құрамындағы қызыл түйіршіктерінің деңгейінің төмендеуі, қан ұю үдерістерінің бұзылыстары сынды аурулар үлесі артып барады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қан түзетін ұлпаларда туындайтын қатерлі ісік ауруы қалыпты қан жасушаларының түзілуіне кедергі жасап, жамбас сүйек, омыртқа, қабырға, бас сүйектің бұзылуына әкеліп, бүйрекке зақым келтіруі мүмкін. Осы аурудың асқынуынан науқастар сүйектің сынуы, жұқпалы ауруларды жиі жұқтыру, қан аздық, бүйрек жетіспеушілігі секілді себептерден қайтыс болады. Қазіргі таңда қан обыры таралу деңгейі жағынан алдыңғы қатарларда тұрған кеселдердің бірі. Зерттеулерге сүйенсек, Оның салдарынан туындайтын өлім-жітім деңгейі де өте жоғары болады, осы күнге дейін науқастардың өмір сүру ұзақтығы орташа есеппен алғанда 4 жылды құрап келді.
«Өз тәжірибеме сүйенсем, онкогематологиялық науқастар саны жыл санап көбеюде Жілік майы жасушаларының жұмысы бұзылуы салдарынан туындайтын және бауыр, көкбауыр мен лимфа жүйесін қоса алғанда бүтіндей қан түзу жүйесінің жұмысын бұзатын қатерлі ісік ауруларына науқастар Соның ішінде жиі шалдығады. Қазіргі таңда ә ақ қан ауруы жиі кездеседі. (острый лейкоз). Қан обырын емдеудегі басты мәселе – дертті дер кезінде анықтап, ерте әрекет ету, тиісті ем-домды жүргізу, яғни химио терпаияны жүргізу. Қанның қатерлі ауруларын емдеудің негізгі жолы - сүйек кемігін трансплантациялау. Бұрын Қазақстанда сүйек кемігі трансплантацияласын жасау мүмкін емес еді. Қазіргі таңда елімізде бұл саланың ө дамуына мүмкіндіктер ашылды. Мәселен Астанадағы ұлттық ғылыми онкологиялық орталық мамандары 12 жылдан бері бірқатар жетістіктерге қол жеткізді",-дейді Назира Сағымбекова.
Дәрігердің сөзіне сүйенсек, анемия , яғни қан аздығына шалдыққан науқастар саны да артқан.
«Науқастардың арасында анемиямен ауыратындар өте көп. Алайда анемияның әр түрі бар. Дәрі-дәрмекке бағынып кететін, емделетін түрлері бар. Ал апластикалық анемия жедел медициналық емдеуді қажет етеді. Ал бұл ауруды емдеудің ең тиімді жолы - сүйек кемігін трансплантациялау” екендігін ескертеді білікті дәрігер.
Медицина мамандары көптеген қан аурулары тұқым қуалайды, сондықтан баланы жоспарлау кезінде және жүктілік кезінде дәрігерге бару өте маңызды. Маман қажетті генетикалық сынақтарды өткізуді қамтамасыз етеді және ауытқулардың даму ықтималдығын анықтайды. Егер болашақ ата-аналардың бірінде немесе екеуінде де патологиялар болса, гематологқа жүгіну өте маңызды.
Сонымен қатар, жүкті әйел үшін қанның барлық көрсеткіштерін бақылау өте маңызды, өйткені ұрықтың оттегімен және басқа қоректік заттармен қамтамасыз етілуі ағзадағы қан түзілу үдерістерімен тығыз байланысты. Темір тапшылығы анемиясының дамуына күдік туындаған кезде медициналық көмекке дереу жүгіну өте маңызды. Себебі бұл ана мен бала денсаулығына ерекше әсер ететін аса маңызды факторлардың бірі екендігін естен шығармаған жөн.