• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 12 Тамыз 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Нөкіс қаласынан Маңғыстау облысына пойыз қатынайтын болды...

«MAŃǴYSTAÝ» телеарнасына жаңа басшы тағайындалды...

2025 жылы Ақтау әуежайында жаңа әуе рейстері ашылады...

Париж Олимпиадасы: Бүгін Қазақстан спортшыларынан кімдер сынға түседі?...

Сүйінші! Маңғыстауда 4 мектептің түлегі түгелдей білім беру грантын иеленді...

  • USD: 479.03 ₸
  • EUR: 523.39 ₸
  • RUB: 5.31 ₸

2023 ЖЫЛЫ МӘМС ЕСЕБІНЕН СТОМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕКТІ КІМ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ АЛА АЛАДЫ?

[ 2023 ] 24 қаңтар, 11:28  |  Денсаулық

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры стоматологиялық қызмет көрсету үшін стоматологиялық клиникалармен тікелей келісімшарттар жасай бастады. Бұрын шарт емханалар арқылы жасалып келді. Бұл пациенттерге әсер ете ме, Қормен жұмыс жасайтын клиникаларды қалай табуға болады, тісті емдеуге жолдама керек пе – осы және өзге де өзекті сұрақтарға Қордың Маңғыстау облысы бойынша филиал директоры Елдеш Қосмағанбетов жауап берді.

Биыл МӘМС есебінен стоматологиялық қызмет көрсету бойынша не өзгерді?

Стоматологиялық көмек көрсету процесінде еш өзгеріс жоқ, пациенттер бұрынғыдай медициналық көмек алады. Тек келісімшартқа отыру әдісі яғни шарт жасасу жағы өзгерді. Бұған дейін стоматологиялық клиникалар өзара шартқа отыру арқылы қосалқы мердігер ретінде медициналық қызмет көрсетсе, 1 қаңтардан бастап Қор көрсетілген қызметтер көлемін бақылап, сапасына мониторинг жасау үшін тікелей осы клиникалармен шартқа отырды. Демек енді стоматологиялық клиникалар өздерінің қанша қызмет көрсеткенін және Қормен келісімшарт бойынша қанша қызмет көрсететінін өз бетінше қадағалап отыру керек. Бұрын бұнымен артылған жүктемеге қарамастан пациенттің тіркелген емханасы айналысып келді. Салдарынан пациент алмаған медициналық қызметті алды деп жазатын жағдайлар кездеседі. Қор сарапшылары бұны мониторинг жасаған кезде медициналық құжаттардан анықтады.

Қазір стоматологиялық көмекті кімдер ала алады?

МӘМС жүйесіндегі немесе ТМККК шеңберіндегі стоматологиялық қызметтер барлығына емес, халықтың жекелеген әлеуметтік осал санаттарына ғана қолжетімді. Мысалы, жоспарлы стоматологиялық көмекті тек балалар мен жүкті әйелдер ғана ала алады. Қатты ауырсыну кезінде азаматтардың 10 санаты, оның ішінде балалар мен жүкті әйелдер, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар және оларға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар, оның ішінде мүгедектігі бар немесе бірінші топтағы мүгедектігі бар балалар, әлеуметтік маңызы бар және жұқпалы аурулары бар пациенттер, көп балалы аналар, атаулы әлеуметтік көмек алушылар және басқалар шұғыл көмек ала алады.

Стоматологиялық қызметтерді алу кезінде белгілі бір медициналық ұйымға тіркелу маңызды ма және стоматологиялық клиникалар "өз" емханаларына тіркелуді талап ете ала ма?

Жоқ, талап ете алмайды. Қазір біз әлеуметтік желілерде стоматологиялық клиникалардың хабарламаларын көріп отырмыз. Олардың айтуынша, Қор қаржыландыруды қысқартып, қызметтер шектеулі мөлшерде немесе стоматологиялық клиникада тек белгілі бір емханаға тіркелген азаматтардың санатына ғана көрсетілетін болады. Әйтпесе ақылы негізде көмек алу ұсынылады. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айту керек.

Бізге осы мәселе бойынша көптеген шағым келіп түсті. Қор оларды қарап, пациенттердің құқығын қорғау бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

Стоматологиялық қызметтерді алу үшін емханадан жолдама алу керек пе?

Емханадан жолдама керек емес. Ең бастысы, пациент МӘМС немесе ТМККК аясында стоматологиялық көмек алушылардың санаттарының біріне кіруі керек және медициналық көрсеткіштері болуы тиіс.

МӘМС есебінен стоматологиялық қызметтерді алу үшін сақтандыру мәртебесі қажет пе?

Егер медициналық қызмет МӘМС тізіміне кірсе, мысалы жоспарлы медкөмек алу үшін сақтандыру мәртебесі міндетті түрде керек. Егер қызмет ТМККК тізімінде болса, мысалы, қатты ауырсыну болса, онда мәртебе қажет емес және медициналық қызмет тегін көрсетіледі. Пациенттер барлық медициналық қызмет түрлерін тек медициналық көрсеткіштер бойынша ғана ала алады.

Сондай-ақ, жоспарлы стоматологиялық көмек алушылар балалар мен жүкті әйелдер екенін атап өткен жөн. Балалар – мемлекет жарна төлейтін азаматтардың бірінші жеңілдік санаты. Сонымен бірге жұмыс істемейтін жүкті әйелдер де жеңілдік санатына кіреді.

МӘМС есебінен қандай стоматологиялық қызметтерді алуға болады?

Негізі көрсетілетін медициналық қызметтердің тізбесі ауқымды. Кәсіби тілмен айтқанда, стоматологиялық клиникалар амбулаториялық деңгейде консультациялық-диагностикалық қызметтер мен манипуляциялар ұсынады. Мұнда пломбалау, тісті жұлу және жансыздандыру қызметтерін алуға болады.

Сондай-ақ МӘМС аясында жақ-бет аймағының туа біткен патологиясы бар балаларға амбулаториялық деңгейде ортодонтиялық пластина орнатылады.

Егер пациенттердің стационарлық жағдайда стоматологиялық көмек алуға көрсеткіштері болса, онда ол ауруларды диагностикалау және емдеу хаттамаларына және Қазақстан Республикасында стоматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартына сәйкес көрсетілетін болады (Ескерту: ҚР ДСМ 2016 жылғы 12 желтоқсандағы № 1053 бұйрығы).

Стоматологиялық клиниканы өздігінен таңдауға бола ма?

Иә, болады. Тек бұл клиника Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болып табылатындығын анықтаған жөн. Жеткізушілердің тізімін fms.kz ресми сайтынан көруге болады немесе клиниканың өзінен сұрау керек.

Қазір емханаларда стоматологиялық көмек қарастырылған ба және оған кім жүгіне алады?

Тиісті жабдықтары мен мамандары бар емханаларда стоматологиялық көмек алуға болады. Мұнда тек осы емханаға тіркелген азаматтар ғана емес, басқа жерде тіркелген азаматтар да көмек ала алады. Ол үшін тіркеу бөлімі арқылы қабылдауға жазылу керек.

Егер пациентке МӘМС есебінен стоматологиялық қызмет көрсетуден бас тартса немесе толық көлемде медициналық көмек көрсетілмесе не істеу керек?

Бұл жағдайда сіз осы клиниканың пациенттерді қолдау қызметіне хабарласуыңыз керек немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы немесе 1406 нөмірі арқылы Медициналық сақтандыру қорына хабарласуыңыз керек.

579
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Гематолог-дәрігер: қаназдыққа шалдыққан науқастар саны көбеюде

Келесі жаңалық

Тексеруден тегін өтіңіз

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Рубрикалар

      ҚарақияБейнеуЖастар бетіЖаңалықтарРедакцияКомплаенсАудан тынысыЖарнамаМұнайлыРедакция газеттеріДенсаулық

    Автордың басқа да жазбалары

    Шыңғыс Мұқан: Жастық шақ — адамның ең жауапты кезеңі

    Бүгін 19:31
    73

    Маңғыстау облысында 5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мас-рестлингтен жарыс өтті

    Бүгін 19:29
    92

    Маңғыстау мектептерінде мектеп формасының ережесі түсіндіріледі

    Бүгін 17:34
    85

    Теңге ілуден 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды

    Бүгін 16:28
    128

    Жолаушылар Ақтаудан Алматыға 16 сағаттан бері ұша алмай отыр

    Бүгін 16:10
    210

    Маңғыстау халқының басым бөлігі ауылда тұрады

    Бүгін 16:00
    125

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»