Кеше 139 науқас анықталды, бұл бір тәулік бұрыңғы көрсеткіштен 16 адамға көп, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасай отырып.
25 қараша күнгі дерек бойынша 854 науқас ем-дом қабылдауды жалғастыруда, оның ішінде стационарларда 122, ал амбулаториялық деңгейде – 732 науқас бар. Соның ішінде 7 науқас ауыр, ал 5 науқас өте ауыр хәлде. Өкпенің жасанды желдету құрылғысымен 1 науқас тыныстауда.