© Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
Әкімдік Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында қаралған "Інжу-Маржан" жобасына түсініктеме берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.
Жобаны Кәсіпкерлік кодекс шеңберінде ҚР СІМ Инвестициялар комитеті инвестициялық келісімшарт жасасу мәніне қарайтын болады. Сондай-ақ экология, геология, су, жер ресурстары саласындағы орталық уәкілетті органдармен келісу кезеңдері жүргізіледі.
Осы Комитеттен оң нәтиже болған жағдайда, жоба қолданыстағы заңнама шеңберінде міндетті түрде өңір халқы алдында қоғамдық тыңдауға шығарылады, дөңгелек үстел ұйымдастырылып, экологтармен, ғалымдармен, жұртшылық өкілдерімен кездесулер өткізілетін болады.
Жоба жоғарыда көрсетілген рәсімдерден өтпей іске асырылмайды.