Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният медицина мекемелерін аралағаннан кейін 400-ден астам өңір тұрғындарымен кездесу өткізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ең алдымен Денсаулық сақтау министрі еліміздегі Мемлекет басшысының денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы жөнінде баяндады.
Министр өзінің кіріспе сөзінде денсаулық сақтау жүйесін дамытудың басым бағыттарына тоқталды, медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін (МСАК) медициналық ұйымдардың қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету және аясын кеңейту, ауылдық жерлерде медицина саласын дамыту, ана мен баланы қорғау, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді жақсарту мәселелерін қозғады.