Маңғыстаулық тұрғындар өңірде қант диабеті мен демікпе ауруына дәрі-дәрмек тапшы екеніне шағымданды. Науқастар дәрілерді өз қаражатына сатып алуға мәжбүр екенін айтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Лариса Иванова (тегі өзгертілді) қант диабетімен көптен бері ауырады. Бірнеше жыл бұрын тек түнгі инсулин алатын еді, алайда отадан кейін дозаны 5 есеге көбейткенін айтады. Қазір ол қолындағы рецепт бойынша дәрі-дәрмекті әлі тегін алмағанына ашулы.
- Жыл сайын осылай. Желтоқсаннан наурызға дейін біз дәрі-дәрмектерді тегін ала алмаймыз. Үнемі айқаймен әрең аламыз. Тіпті күндізгі стационарда да сатып аламыз. Әрине, арзан витаминдерді тегiн салады, ал қалғанының бәрi - өз есебiмізден. Мәселен, инсулинді қаланың түкпір-түкпірінен іздеп, адамдардан сұрауға тура келеді, өйткені дәріханалардың көпшілігінде ол жоқ. Соңында бар тапқанымызды аламыз. Ал, сынақ жолақтары 4000 теңге тұрады – қаптамада 40 дана бар», – дейді Лариса.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, облыста инсулинге арналған 460 екпе қалған. Ал, сынақ жолақтары енді келеді деп күтілуде. Алайда департамент бұл дәрі-дәрмектің неше күнге жететінін және есепте қанша адам тұрғанына жауап бере алмады.
- Медициналық ұйымдарда әр түрлі қор қалған. Бұған басқа емханаға қосылу, терапияның өзгеруі, препараттың дозасын арттыру себеп болып отыр. Сондай-ақ, денсаулық сақтау министрлігі арқылы қажеттілік лимит шегінде есептеледі», - деді басқармадағылар.
Дәл осындай жағдай демікпемен ауыратын науқастарға да қатысты. Антонина Огайдың екі жасар ұлына өткен жылдың ортасында демікпе диагнозы қойылған. 16 маусымнан бастап есепке тұрған, балаға бір жылға ем тағайындалған. Негізгі ем шара - пульмикорт препараты. Дәрігердің нұсқауы бойынша бұл дәріні айына 2 қаптамадан тегін беру керек.
- Бірақ 1 жыл ішінде дәрі-дәрмекті 4 рет қана алдық. Қалған уақытта емханада дәрі-дәрмектің жоқтығын, жыл ортасында тіркеуде тұрғанымызды айтып, бір қаптамадан берді. Сондықтан құзырлы мекемелерге дәрі-дәрмекті неліктен ала алмайтынымызды түсіндіріп беруін сұрап жаздым. Ал, олар қай айда тіркелгенімізге қарамастан, 100% қамтамасыз етілу керек деп жауап берді. Кейін тіркелген емханамыз басқа емханадан дәріні алып берді, - дейді Антонина Огай.
Бірақ, сол алған дәріні Антонина келесі айда қайтаруға мәжбүр болған. Себебі, қарызға берілгендігін жеткізген.
- 6 айдың ішінде балама 12 қаптама берілу керек еді, алайда тек 4-ін алды. Сондықтан емхана басшылығына барып, сотқа арыз жазатынымды айттым. Осылайша, маған бір күннің ішінде 8-ін алып келді. Сонда қайдан тапты? Бірақ, басқа науқастардан сұрап алғандықтан бәріне кері тараттым, - дейді Антонина.
Әзірге Антонина өз қаражатына дәрі сатып алуға мәжбүр. Дәріханада пульмикорттің бір қаптамасы 4,5 мың теңге тұрады, ал айына 10-ы қажет. Сондықтан ол тағы да жанжал шығарып, сұрауға тура келеді,-дейді. Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасның мамандары демікпеге шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы бірде-бір сауалға жауап берген жоқ.