Бүгін, 9 желтоқсанда Маңғыстау облыстық мәслихатының XVl сессиясында 2023-2025 жылдарға арналған бюджет жобасы мақұлданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Марина Әлібекованың айтуынша, бюджет құрылымындағы негізгі үлесті (71,1%) әлеуметтік салаға жұмсайтын шығыстар құрайды.
– 2023-2025 жылдарға арналған жаңа үш жылдық бюджет қабылданды. Облыстық бюджеттен энергетика саласына, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа, ауыл шаруашылығына басымдық бере отырып қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Құрылысы аяқталу сатысында немесе жүргізіліп жатқан жобалар да басты назарда болды. Сондай-ақ, «Өңірлерді дамыту», «Нұрлы жер», «Ауыл ел бесігі», «Нұрлы жол» бағдарламалары аясында 31 жоба жүзеге асырылады, - деді Марина Әлібекова.
Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін бірлескен нәтижелі жұмыс қажет екенін айтып, қолдау білдірген депутаттарға алғыс айтты.