© livingasia.online
"Эко Маңғыстау" үкіметтік емес ұйымының басшысы Кирилл Осин мұндай оқиға бірінші мәрте орын алып отырмағандығын мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кирилл Осин былтыр 29 қаңтарда дәл осындай оқиға куәгері болған.
"Екі жыл өтер-өтпес бұл жағдай тағы қайталанып отыр. Жануарлар өлекселері шұңқырда ғана емес бұлақ маңындағы сай жанында жайрап жатыр. Бейнежазба өкілетті органның немесе мамандандырылған ұйымның жануарлар өлекселерін жою жұмыстарын жүйелі жүргізу әрі ұйымдастыру және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан заңсыздықтарға жол бергендігіне айқын дәлел болмақ. Уақыт өте иістенген өлекселермен құстар, жабайы жануарлар мен тіпті төрт түлік мал, кеміргіштер қоректенері сөзсіз - мұның бәрі қауіпті инфекциялардың таралуына жол ашады. Ал оларды ату деректері былтыр 4 наурызда күшіне енген "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заңнама аясында анықталуы керек", - дейді Кирилл Осин.