Жыл сайын 15 мамырда бүкіл әлем жұртшылығы БҰҰ бекіткен халықаралық отбасылар күнін атап өтеді. Осыған орай, «Азаматтарға арналған үкімет» МК Маңғыстау облысы бойынша филиалы арнайы статистика дайындады.
Маңғыстау облысы бойынша 10 айда 4291 мың неке тіркеген, ал 2024 жылдың басынан бері 1678 мың жаңа отбасы құрылды. Ал Қазақстанда 10 айдың ішінде 103 мыңнан астам неке тіркелген.
Сондай-ақ, 2023 жылдың шілдесінен бастап облыста 17195 мың азаматтың тууы тіркелген.
Сонымен қатар, баланың тууын салтанатты тіркеуді енгізу жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеде «Азаматтарға арналған үкіметке» азаматтық хал актілерін тіркеу функциялары берілген болатын.