Ақтау қаласынан 25744 және 75488 әскери бөліміне дейін және «Оймаша» полигоны аралығында қатынайтын «Ақтау-Оймаша-Ақтау» тұрақты автобус маршруты іске қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Маңғыстау облысының жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Берік Ізғалиевтың айтуынша, аталған маршрут 25744 әскери бөлімі қызметкерлерінің Ақтау қаласынан 25744 және 75488 Әскери қалашығына және «Оймаша» полигонына қатынау мәселесін шешеді.
- «Ақтау - Оймаша» жол бағыты 37 шақырымды құрайды. Қоғамдық көлік таңғы 6:30- дан кешкі 18:30-ға дейін жүретін болады. Әзірге сынақ мерзімімен бір ғана автобус іске қосылды. Алдағы уақытта қажеттілікке қарай автобус саны көбейтілуі мүмкін. Бір бағыттағы жолақы құны ересектерге 150 теңге, ал балалар мен жасөспірімдерге 35 теңге. Айта кетейік, автобусқа әскерилер, олардың отбасы мүшелері және кез келген жолаушы кедергісіз отыра алады, - деді Берік Ізғалиев.
Қозғалыс кестесі:
Ақтау- Оймаша:
6:30; 9:30; 14:00; 17:00;
Оймаша - Ақтау: 8:00; 11:00; 15:30; 18:30;
Тасымалдаушы мекеме «Caspian Trans Corporation» ЖШС.