Ақтауда магистральдық инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты кейбір автокөлік жолдарының бойында орналасқан ағаштар басқа орынға отырғызылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, инженерлік желілерді жаңарту жұмыстары жүргізілетін аумақтар:
-1А ш/а-3а ш/а аралығы;
-1 ш/а-3 ш/а аралығы;
-2 ш/а- «Ақбота» саябағының аралығы;
-2 ш/а-4 ш/а аралығы;
-2 ш/а-6 ш/а аралығы;
-2 ш/а-6А ш/а аралығы;
-6А ш/а-3Б ш/а аралығы;
-10 ш/а-11Аш/а аралығы;
-11 ш/а-11А ш/а аралығы;
-12 ш/а-12А ш/а аралығы;
-16 ш/а-27 ш/а аралығы;
-28 ш/а-29 ш/а аралығы;
-28 ш/а-28А ш/а аралығы;
-27 ш/а-26, 26а ш/а аралығы.
Осы аумақтардағы ағаштар сол маңайдағы басқа жерлерге көшіріледі.