Әлеуметтік желіде кеңінен тарап, жануарларды қорғау жөніндегі ұйымдар белсенділерінің қызу талқысына түскен шұңқырда жайрап жатқан ит өлекселерінің бейнежазбасына қатысты Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылық басқармасы түсініктеме берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тиісті басқарма өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, бұл дерекке қатысты қызметтік тексеріс басталды.
"Оқиға орнына басқарма басшысы орынбасарының жетекшілігімен арнайы комиссия барып, істің мән-жайымен танысты. Өлекселерді жою жұмыстары жүргізіледі. Бейнежазбада баяндалған деректің дәйектілігі дәлелденген жағдайда бұған жол берген жауапты тұлғаларға қатысты тиісті шара қолданылады. Өзге ақпарат жуырда жария етіледі",-деп хабарлады басқарма.
Басқарманың баспасөз қызметі қазіргі таңда арнайы комиссия өкілдері оқиға орнында зерделеу, анықтау жұмыстарын жүргізіп жатқандығын мәлімдеді.