Маңғыстау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәлімдеуінше иттерді жекелеген тұлғалар атып, шұңқырға тастап кеткен.
"Арнайы комиссия мүшелері Қарақия ойпаты маңында табылған иттердің өлекселерін зерттеу барысында бұл иттердің ел арасында "дротик" аталатын мылтық оғымен атылғанын анықтады. Жалпы 29 иттің өлексесі табылды. Мемлекеттік ветеринариялық станса мамандары бұралқы иттерді аулау барысында шпирцпен арнайы дәрі салып, ұйықтатады. Сосын барып оларды залалсыздандырады, өртейді. Сондықтан бұл иттерді біздің ветеринарлық станса мамандары өлтірмеді. Енді бұл істің мән-жайын тəртіп сақшылары қолға алып, анықтайтын болады",- дейді МО ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Марқабаев.