Бұл туралы ақтаулық «LIDER.KZ» еріктілер қозғалысы мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
11 жастағы Нұрислам Мәмбеков бүгін түсте Мұнайлы ауданы, Қаламқас ауылында табылды. Оны еріктілер мен тәртіп сақшылары iздеген.
– Баланы іздеуге 20-ға жуық адам қатысты. Біз жөнелтулер жасап, тікелей іздеу жүргіздік, түнде көлікпен іздедік. Бәрі жақсы аяқталғанына өте қуаныштымыз, ең бастысы бала аман-есен, - деді «LIDER.KZ» еріктілер қозғалысы.
Еске салайық, бала 4 желтоқсан күні сағат 16:35-те «Ақтау» сауда ойын-сауық орталығынан белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған. Оның қасында сөмкелері болған.