Маңғыстау облысы әкімінің Telegram арнасы әр шағынаудан тұрғындарының арыз-шағымына толды. Екі күн ішінде тұрғындар 4 мыңнан астам хабарлама жолдаған. Оның көбі су мәселесіне қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кеше ыстық су 6 желтоқсан күні таңертең беріледі деп уәде етілді. Алайда ақтаулықтардың үйінде әлі де ыстық су жоқ. Осы ретте тұрғындар ауыз су мен техникалық судың жоқтығына шағымданып жатыр. Ал жауапты мамандар телеграмм чатта әр үй мен пәтерді бөлек тексеруге уәде беруде.