Бұл Маңғыстаудағы ҚР азаматтары арасында АИТВ инфекциясының эпидемиологиялық жағдайының 1994 жылдан 2019 жылдың соңына дейінгі көрсеткіші, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Өңірде АИТВ белгілерімен 14 жасқа дейінгі 3 бала тіркелген.
Мамандар статистикасына сүйенсек, Ақтау қаласы АИТВ-инфекциясын жұқтырған адам санының көптімен көш бастап тұр. Ақтауда 28, Жаңаөзенде 1, Мұнайлы ауданында 8, Бейнеу ауданында 1, Қарақия және Түпқараған ауданында 2 адамнан жұқпалы індет анықталған. Ал мамандар мәліметінше, Маңғыстау ауданы бұл аурудан ада.
2018-2019 жылдары АИТВ-ны жұқтырғандың 71%-ы ер адам болса, 29%-ы әйел.