• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Дүйсенбі, 18 Қазан 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда жауған жаңбыр «жасанды» ма?...

Маңғыстау облысында нан қымбаттады...

Нұрлан Ноғаев: Қала құрылысының бей-берекет салынуы – халықты құрметтемеу...

Түпқарағанда миллионға жуық теңге қанша итті «қапты»...

Кімге төлеу керек? Тұрғындар энергия төлемдерінен шатасып жатыр...

  • USD: 425.78 ₸
  • EUR: 494.08 ₸
  • RUB: 5.98 ₸

Ер анасы, ел данасы – Бопай ханым

[ 2018 ] 15 ақпан, 10:49  |  Біле жүріңіз

©

Маң жатқан мынау маңғаз далаға кім келіп, кім кетпеген, сырғымалы сарша құм кімдердің сырын бүкпеген.

Ұлы даланың құлан жатқан қырында, қыран ұшқан көгінде, қиян жартасты құзында да өткеннің белгісі, ата-бабалардың ерлігі мен ерлікпен қорғаған елдігінің ізі жатыр. Елім деп өткен ер аз ба, халқының қамын жеген азамат аз ба? Қолына қару алып, жер қорыған ерлерден кем түспеген, парасаты мен пайымы, ақылы мен көркі досы түгіл дұшпанын мойындатқан аналарда аты аңыз болып, тарих беттерінің өткен парақ- тарында қалды. Тарихи дәйек пен дерекке үңілсек, қазақ хандығы тарихында мемлекеттік деңгейде мұрағаттық құжаттарға түскен тарихи тұлғалар қатарында қазақ қыздары көп емес. Олар туралы сөз қозғағанда біз Әбілқайыр ханның жұбайы Бопай ханымды, Уәлиханның жұбайы Айғаным ханымды, Кенесары ханның қарындасы, көзсіз батырлығымен даңқы шыққан Бопай ханымды еске аламыз. Қазақ ханымдарымен сол тұстағы қазақтың белді тұлғалары ғана емес, сонымен бірге Ресей, Хиуа, Бұхара және өзге де елдердің мемлекеттік қайраткерлері таныс болды. Нәтижесінде олар туралы бүгінге жеткен мол ақпараттар жинақталды. Мұның өзі қазақ қыздарының қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігін айғақтайды. Сөз жоқ, қазақ қыздарының арасында Қазақ хандығының қиын-қыстау кезеңінде қазақтың бас ханы Әбілқайырдың жанынан табылып, қиналған шағында еріне қолдау көрсеткен, 1748 жылы 15 тамызда хан өлгеннен кейін тек қана отбасына емес, жалпы қазаққа ақылшы болып, ел тыныштығы мен бірлігін сақтауға үлес қосқан, көпке үлгі болған Бопай ананың орны ерекше.

Бопай анамыз Адай руынан шыққан - батыр Табынайдың үлкен ұлы Сүйіндіктің қызы. Бопай – Кенесары көтерілісіне қатысуды халық арасында жалықпай-талмай үндеумен жүрген, кейін өзінің 6 ұлымен бірге талай жорыққа қатысқан, 600 адамдық жасаққа қолбасшы болған әйгілі ержүрек әйел.

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ел ертеңі — ұлтжанды ұрпақ

Қым-қуыт заманда, анталаған жаудан жерін, озбыр да қарулыдан елін сақтап қалуға тырысқан халқының қамын алыстан ойлаған Әбілқайырдай ханның үйде от анасы, сыртта ақылшы, қолдаушысы бола білген ханымның парасатын оның іс-әрекеттерінен көруге болады. Бопай ханым ел тарихында хатталған кіші, орта жүзден 500 белгілі сұлтан, би, батыр, старшындар қатысқан 1748 жылдың маусымындағы кеңеске қатысқан. Кеңесте елдің болашақ даму барысын талқыға салған Әбілқайыр хан қазақ-орыс қарым-қатынасындағы бетбұрысты қадамдарындағы басты мақсатым - «өзім үшін емес, бүкіл қазақ халқының пайдасы мен тыныш өмірін қамтамасыз ету болды» дей келе ханды мойындамай бетімен жайылған жұртын сынға алады. Ханнан соң Бопай ханым сөз алған. Ханым: «Біріншіден, тыныш өмір қамтамасыз етілді. Екіншіден, ешқандай сыртқы жау бізге қарсы батыл шабуылдай алмайды... Біз ұлымызды Ресейге аманатқа жібердік, оны енді алмастыру қажет. Аң екеш аң да баласын аялайды, басқалар сияқты біз де балаларымызды қимаймыз. Сонда Әбілқайыр хан балаларын аманатқа өзіне сенбей беріп отырған жоқ, өзгелердің, қырғыз-қайсақ «халқының тұрақсыздығынан беріп отыр», - деп сөзін аяқтайды. Ханымның әрбір сөзін тыңдап көпшілікке әсерін бақылаған Сақмар казагы Көбек: «Ханым сөзіне қазақ старшындарының ешқайсысы жауап қайтара алмады, керісінше, оның айтқанын толық растады», - деп мойындайды [КРО, с.390]. Мұның өзі ханымның қазақ қоғамында толық мойындалған тұлғаға айналғанын дәлелдейді.

Бауыр еті баласын шалғайға, жат жерге жіберіп, шырылдап құлыны үшін қиналса да, ел қамы үшін аналық махаббатын ортаға салуы да қазақ әйелінің парасатын көрсетеді.

Тағы да тарихтың беттеріне үңілсек, мына бір тарихшы дерегі көп нәрсені аңғартады. Анна Ионовна патшайымға хат жазған хан-қара, би-шораларға қосылып, дербес сәлем жолдауы да тегін емес.

«Жаратқанның жарық нұрына бөленген жарқын жүзді ел иесі, Ресей мемлекетінің шығысы мен батысын ұластырып жатқан елдердің ұлы билеушісі, патшайым, сіздің биік мәртебеңізге бас ие отырып, ақ жүзіммен табаныңызға тәу етіп, қатеріңізге жеткізейін дегенім мынау еді», - деп жазды ол 1731 жылдың қаңтарында.

«Биік мәртебелі, сіздің жарлығыңыз бойынша ұлық дәрежелі Мәмет мырза біздің қазақ жеріне келіп, күллі қазақ хандарын, сұлтандары мен бектерін бүкіл қарашаларымен бірге өзіңізге бодан етті. Барлық қожайындар, хандар мен сұлтандар сіздің биік мәрте- беңіз үшін өз қарауындағылардан зекет жинап, түлкі, қарсақ терілерін ұлы құзырыңызға жеткізетін елшілер аттандырады. Ұлық мәртебеңіздің құлақкесті құлы біздің еліміз, барша хандардың ең басы - Әбілқайыр хан өзінің бүкіл балаларымен бірге бодандығыңызға енді. Сол үшін де биік мәртебелім императорлық ұлы мейіріміңізден біздей құлдарыңызды қағыс тастамауыңызды өтіне отырып, бұрын бастан кешкеніміз- дей қисапсыз көп қиындықтар енді қайталанбас деп сенеміз. Биік мәртебелі өзіңіздің бізді дұшпандардан қорғайтыныңызға сенім артып, әзір қауіп-қатерден арылғандаймыз. Құдыреті күшті Құдай тағаладан сізге көп жыл жасар ұзақ ғұмыр бер деп тілейміз. Биік мәртебелім, құлақкесті құлыңыз Әбілқайыр ханның ханшасы Бопай ханым ең ізгі ілтипатпен құттықтай келіп, өзіңізге тарту ретінде он түлкі жіберіп отыр». Хат соңына өзінің, яғни ханшаның аты жазылған мөрі сиямен басылған.

Ханға Нұралы, Ералы, Қожахмет, Айшуақ, Әділ сияқты бақандай бес ұл тауып берген абыройы асқақ, абзал ана Бопай ханымға патша ұлықтарының өзі де баса-көктеп кіру былай тұрсын, батып тіл де қата алмаған деп, келтіреді тарихшылар. Сапарда жүріп қапияда кеткен хан өлімін патша ұлықтары Бопай ханымға естірте алмай қиналған тәрізді. Оны Орынбор губернаторы Иван Неплюевтің Сыртқы істер алқасына Әбілқайыр ханның өлімі жайында жазған хабарламасынан да аңғаруға болады.

«Әбілқайыр қазасын оны Бопай ханымға естірте алмай отырмыз» деп жазады генерал.

Әрине, бір жағынан сүйінші сұрағандай бірден естіртуге батпаса, екіншіден, ел дүрлігіп Барақ пен Батырдан кек аламыз деп, дүркірей атқа қона ма деп те қауіп ойлайды ұлық. Барақ болса, орта жүздің ең ірі тайпасы - исі найманның тізгінін бекем ұстап отырған ірі тұлға. Оны тарпаң тағы қыр ғұрпының кегіне құрбан етсе, қазақтың үлкен бір бөлегінен айырылып қалуы кәдік. Сондықтан да алды-артын өлшеп-пішіп, бәрін де жан-жақты ойластырып жасау керек. Сол үшін де ол алдымен ханның үлкен ұлдары Ералы мен Нұралыға сөз салып, ымыраға шақырды. Тіпті ағасын әке орнына таққа отырғызу жөнінде үкімет сенатына хат түсіргенін де жасырған жоқ. Ал хан қашанда халық тыныштығының кепілі болуы шарт.

Осылай алдын ала әзірлеп алып, ағайын-туғанның алдынан өтіп барып естірткенде, Бопай ханымда қайғыдан қайрат шыңдап, мәрттік таныта біледі.

Жылағанды жұбатып, құлағанды тұрғызатын, күйрегенде қуат, күйзелгенде қайрат беріп, ел анасын тар жол, тайғақ кешуден алып шығатын азаматты жұрт Нұралы деп білді. Әбілқайырдың өзі-ақ көзі тірісінде орнын басып, тақ иесі болар баласы, тұла бойы тұңғышы осы Нұралы екенін губернаторға талай айтқан да көрінеді Сондықтан халық тақ иесі туралы талас туғызбай, оны бірден-ақ хан көтерді. Бірақ халық қанша қалап сайлағанымен, патша ағзам бекітпесе, ол заңды түрде хан болып табылмайды. Осы арада Бопай ханымның абырой беделі тағы да кәдеге асады. Ол 1748 жылғы қазанның 5-ші жұлдызында ұлы патшайым Елизаветаға хат жазады.

Губернатор көп ұзамай Орынборға Нұралыны шақыртып алып, ханның таққа отыру рәсімін жасауды тапсырады. Адалдыққа ант берген соң ханға семсер сыйлап, торқа тон мен алтындаған бөрік кигізіп, той-томалақ жасап, жұрттың ризашылығын алуды жүк- тейді.

Міне, қиын күндерде ел тыныштығы мен бірлігі үшін пенде басындағы қайғыны да, ауыртпалық пен алауыздықты жеңе білетін көнбісті де, көреген қазақ әйелінің бейнесі.

Әттең, Тәңірі бүткіл қазақтың қамын жеген Бопай ана ұрпақтары – қазіргі аналар, келіндер мен қыздар кейде бір ғана ошағының бірлігі мен тірлігін сақтай алмай, әлсіздік пен ақылсыздық көрсетіп жатады.

«Алып анадан туады» деген сөзбен бабаларымыз біраз нәрсеге ишара еткен ғой. Қазіргі кездегі әйел деген, ана деген, қыз бала деген атқа сай заман талабымен тіршілігін дөңгелетіп, тек өзі емес, өзгеге де шапағатын тигізіп отырғандар аз емес.

Алайда арға дақ түсірер жайт баласын тастап кеткен, ата-анасына қамқор бола алмаған, жат жерліктің етегінен ұстап, кейін өкінішпен адасқан жандар хабары жиі естіледі.

Сондықтан Бопай ана сияқты пендешілік жеке бас қиындығы емес, ел жайын ойлаған ер тұлғалы аналарды көбірек дәріптеп, көбірек насихаттаған дұрыс болар еді.

Гүлшарипа ТҰРҒАНБАЕВА, М.Әбдіхалықов атындағы мектеп гимназиясының тарих пәні мұғалімі

1373
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
біле жүріңіз аудан тынысы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Тұмауға жеңіл-желпі қарауға болмайды

Келесі жаңалық

Қожантай Қойбас Жалбырұлы

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Кибербуллингтен қалай сақтанамыз?

    1 қазан, 10:30
    220

    Көзді қалай күту керек?

    [ 2019 ] 11 желтоқсан, 05:45
    4780

    Түпқараған ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді

    [ 2019 ] 30 мамыр, 07:56
    783

    Мамандар үй кезегіне тұруға қандай құжаттар қажеттігін түсіндірді

    [ 2019 ] 7 наурыз, 09:09
    1042

    Мал өсіріп, бордақылап сататындарға қандай талап қойылады?

    [ 2019 ] 7 наурыз, 06:09
    851

    Жеті қазынаны жете білейікші

    [ 2018 ] 25 мамыр, 11:05
    2273

    Рубрикалар

      Ауыл өміріРедакция туралыБіле жүріңізСұхбатЖаңалықтарТағайындауӘлем жаңалықтарыӘдебиетХабарландыруҚоғамАстана - 20Қазақстан жаңалықтары

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    16 маусым, 18:15
    507

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    687

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    613

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    1257

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    804

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    617

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»