• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 2 Наур. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Қазақстан сарбаздары мен туыстары бір толқында тілдесті...

«Маңғыстау-Ақтөбе» пойызының сапасы сын көтермейді - Жолсеріктер...

  • USD: 417.9 ₸
  • EUR: 503.07 ₸
  • RUB: 5.64 ₸

Жеті қазынаны жете білейікші

[ 2018 ] 25 мамыр, 11:05  |  Біле жүріңіз

©

Әлемді таң қалдырар бабалар ілімінің танымдық дәрежесінің бір биігі - «жеті қазына». Жеті қазына сөзін естігенде оны ұлтымыздың тамаша танымы ретінде әлемдік байлықты көргендей болатынымыз рас. Осы тақырыпты талдамас бұрын маған бірнеше мағлұматты ақтаруға тура келді. Тізбектеп көрейін. "Жеті қазына", Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі бекіткен оқу-сауықтыру орталығы, авторлары М.Құрсабаев, Б.Бекетай, т.б. 7 мүшесі бар авторлық шығарма бұл кітапта алты қазынаны тізбектейді: ер жігіт, сұлу әйел, берен мылтық, қыран бүркіт, жүйрік ат, құмай тазы, 7-сі жазылмаған.

Тағы бір танымдық кітап мектепке арналған «Жеті қазына» авторы А.Тоқтыбаев. Бұндағы «қазыналар»: қазан, ит, бүркіт, мылтық, диірмен, кітап, 7-сі жазылмаған.

З.Ахметованың «Бабалар аманаты» кітабында жеті қазынаға аспан, күн, ай, жер, су, от, ит жатқызылған. 

Бұдан өзге ақпараттық басылымдардан оқығаным, жеті қазынаға қатысты арнайы мақалаларда, сұлу әйел, жүйрік ат, құмай тазы, пышақ, біз, арқан, балта, қазан майланғыш, ау, от, өсімдік, садақ, қақпан, тұз, т.б. болып келтіріліп, әрқайсысына баға беріп дәріптелген және кейбірі оқу орындарында өскелең ұрпақ тәрбиесіне сіңірілуде. Түрлілігі жеті қазына емес 77 қазына екен.

Осындай сан түрлі таным мені бала кезден естігендерімді терең зерделеп, халыққа ұсынуға мәжбүр етті. Алдымен жазылғанды талдап қарайық, мысалы сұлу әйел десек, «қатын бастаған көш оңбас» немесе «..қасыңдағы қатынға сенбе» деген бабам, әйелді қазынаға жатқызуы екіталай. (Қазақ даласында ажалына әйелі себепкер болған әз-әулиелер, батырлар тағдыры жөнінде аңыз қаншама?). «Ескертуден» байқасаңыз әйел де, жылқы да қоса кетіп тұр. Әйел қазынаға жататын болса, бұл еркектің жеке меншік затына айналған болар еді, бұл таным бабалар тәрбиесіне мүлдем кереғар, әйел тіптен сұлу болмаса оны қайтпекпіз? Немесе жүйрік ат пен қыран бүркіт, мылтық, құмай тазы қазақтың серілік құратын, көңіл көтерер сауық-сайранның бөлшегі ғана, бірақ бұларсыз адамның тіршілігі тоқтап қалады деген түсінік болмайтыны анық. Сол секілді жоғарыда тізбектелген «қазыналар» бар болғаны тіршілікке керекті адамның қолданған құрал-саймандары, егер керектінің бәрін түгендесек, киетін киімге дейін қазына ғой.

Көштен қалмай, «қазынада» көбірек айтылатынның бірі - ит. Маған осы мақаланы жазуға себепші болған Ергеш Әзбергенұлы бауырымыздың 2009 жылғы «Парасат» журналының №1,2,3,4 номерлерінде жарық көрген «Жеті қазынаны жете білеміз бе?» деген мақаласы. Мұны да саралап көрейік, Ергеш бауырым өзіне дейін 7 қазынаны зерделеген Майдан Түйімбетов («Парасат», 2001 қазан) деген азаматтың талдауын жазып келеді де, "бірінші ер жігіт делініпті, шынын айтсақ қазына ер жігіттің басына құралады. Бір сөзбен айтқанда адамға бітеді емес пе? Сондықтан жігіт жеті қазына бола алмайды. Екінші сұлу әйел делінген. «Қазақ астыңдағы атыңа, қойныңдағы қатыныңа сенбе» - дейді. Таратып, пайымдасақ, әйел мен ат иесін далаға тастап кетеді дегенді білдіреді, өлімге қиып кете береді. Төртінші бүркіт делінген. Бұл жарықтық серінің, патшаның серуендік, сәндік құсы болып табылады. Жаңағыдай болмаса ұшып кете береді. Сондықтан бүркіт қазына бола алмайды. Бесінші ілім-білім деген. Ілім-білімді қолмен ұстап, көзбен көре алмайсың. Қолға ұстатпаған нәрсе адамға қалай қазына бола алады? Қазына деген белгілі бір салмағы, орны бар мүлік емес пе? Ал енді ілім-білім нәтижесінен туған зат қазына бола алады. Алтыншы берен мылтық делінген, әрине берен мылтық қазынаға жатады. Бірақ айдалада, елсізде оқ дәрісі таусылса темір таяқ болып қалмай ма? Сондықтан мылтық сенімсіздеу қазынаға жатады. Жетінші тазы ит делінген. Бұл - енді нағыз қазына. Міне, біздің қастерлеп жүрген жеті қазынамыздың сиқы осындай... Ендеше бұларды қайтып жеті қазына дей аламыз? Пайдалы дегендеріміздің пайдасы теңізге тамған тамшыдай. Ендігі жерде жеті қазына деп жүргеніміздің ішінен ит, ат, құстан басқасынан бәрін жеті қазынаға жатпайды деуімізге болады. - Сонда қалай, бабаларымыз жаңсақ айтқан ба? - деген сауал туындайды..." деп жазған. Ергеш Әзбергенұлы «Жеті қазынаны» былайша өрбіткен: -Күн, Жер, Өсімдіктер, Жануарлар, Су, От, Ауа. (Парасат журналы 2009 ж. №1,2,3,4 нөмерлері). Білім мен батырлықтың бағзы бір заманнан тоғысқан жері болған, әулиелі киелі мекенде, ілім-білім керісінше жеті қазынаға кіреді, ал әспеттеп отырған ит жеті қазынаға мүлдем кірмейді.

Қош! Сонымен іске көшейік. Бабалар айтқан жеті қазынаның бастауы - күн! Тіршіліктің ұрпақ жайып, өмір сүруі мұқтаждығын мәңгі бақи қанағаттандырып тұрған ғажайып шамшырақ. Ең қымбат нәрсе қас-қағым сәттік жарық дүние! Жарығы үшін өзінен, секунд сайын 4 млн. тонна салмағын жоғалтатын күн планетасының жасы жобамен 4 млрд 600 млн. жыл деп топшылайды бүгінгі ғылым. Барлығымыз галактикадағы барлық планеталар Күнді айналып жүр, ал Күн қозғалмайды деп ойлаймыз. Шындығында Күннің толық айналу уақыты 225-250 млн. жыл, жобамен сағатына 217 шақырыммен қозғалыста болады, массасы жерден 330000 есе үлкен. Жерден 149600000-150000000 шақырымда орналасқан, ядросындағы температура - 15000000 градус. Күн планетасынан шыққан жарық сәуле мен жылу Жерге 8 минут 20 секундта жетеді екен. Күннен шығатын ультрофиолет сәулелер Аспан қабаттарынан өткенде антисептик болып, Жер бетіндегі түрлі инфекция тудыратын микроорганизмді өлтіретін қызмет атқарады. Зодиактағы Күн планетасы сол адамның тағдырына қозғаушы күш беретін энергия көзі мен мақсатты бағыттың анықтауыш-әкесі есебінде танылады. Күнсіз тіршілік жоқ екенін пайымдаған бабаларымыз, жеті қазынаға алдымен Күнді таныған!

Бабамыз жеті қазынаға қосқан келесі Алла жаратылысы — Аспан (ауа). Жер мөлдір ауа қабатымен қоршалған. Өмір сүруі үшін бүкіл тіршілік атаулы ауасыз тірлік ете алмайтыны айқын нәрсе. Балық судағы еріген ауаны сүзіп желбезегімен тыныс алса, өсімдік жапырағымен тыныстайды. Қарапайым көзге байқалмағанымен жасыл жапырақ өсімдіктің, тіпті тіршіліктің «ұлы фабрикасы». Су және көмір қышқыл газы бұл фабриканың шикі заты, жасыл жапыраққа жарық түссе болды «фабрика» су мен көмір қышқыл газын крахмал мен қантқа айналдырып, ауа болмаса бүкіл тіршілік клеткасы тұншыға бастайды. Тіршілік иесі аштық пен шөлге шыдағанымен ауасыз тірлік етуі мүмкін емес. Бізге дыбыстың естілуі де жан-жақтың көрінуі де осы, Алланың берген қазынасының бірі – Аспанның (Ауа) қызметі. Аспан өзіне түскен күн сәулесінен сан түрлі түске енеді, көзге көрінер ең қысқа толқынды түс, көк түс екенін және атмосфера, тропосфера,  стратосфера,  ионосфера, термосфера, экзосфера есімді («Алты қабат Аспан, жеті қабат Жер» деген сөз тіркесіндегі бабамның) бірнеше қабаттардан тұратыны мектеп оқулығынан сіздерге таныс. Мейірімді Жаратушының осындай аспан қабаттары болмаса жер беті лезде қайнап, тіршілік атаулы күйіп кеткен болар еді, яғни Аспан-ауа Күннің жер бетіне түсер сәулесін реттеуші.

Бабамыз таныған қазынаның бірі - Жер! Жер ғаламшарының жасы 4,5-4,6 млрд. жылдың жобасы. Алғашқы өмір белгілері Жер пайда болғаннан 1 млрд. жыл кейін басталса, адамзат бүгінгі таңнан алғаш рет 50-100 мың жыл бұрын пайда болған екен деп топшылайды бүгінгі ғылым. Жер бетінің ауданы 510 млн. шаршы километр, орташа тығыздығы 2,65-3,0 г/см3. Жер - тек адамзаттың ғана емес бүкіл құрлықтағы жан-жануар, жәндік, құс, өсімдіктерімен қоса судағы барлық мақұлықтардың тіршілік етіп, өсіп-өніп, ұрпақ жайып отырған киелі мекені. Жерасты қазбалары, жерүсті тіршілік байлықтарымен Жер, бабамыз танымындағы қазынаға еркін енеді.

Баба танымындағы қазынаның бірі – бұлт (су). Қапелімде оқырман осы қазынаны бұлт деп бөлмей-ақ, су деп айтса да болады ғой, деуі ғажап емес, бірақ баба танымына терең бойласа бұлт деп бөліп алғаны тегін емесін мойындар еді. «Жаңбырменен жер көгерер...» деген тілекте терең мағына жатыр. Бұлт болып жаумаған жер беті суларынан, кең сусыз алқаптарға еш пайда жоқ. Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше уақыт өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Су – жердегі тіршіліктің тірегі, қазынасы екені бұлтартпас ақиқат... Судың таңғажайып мүмкіндігінің бірі, есте сақтау қабілетін халық емінде күні бүгінге дейін қолданады. Судың ақпарат сақтайтын және тасымалдайтын қасиетін, ғылымда дәлелдеуге 1956 жылы болған мына бір тарихи оқиға себепші болыпты. Атом бомбасының құрамын анықтайтын зертханада, ғылымдар 1 минутта әлемді улайтын құдыретті қарудың жаңа бір түрін ойластырудың қызу талқысын жүргізсе керек. Бірақ жиын соңына дейін жетпей жатып, барлық ғылым тамақтан уланды деген сараптама негізінде ауруханаға жатқызылған. Үстел үстінде судан басқа ештеңе болмаған және су құрамына ештеңе қосылмағаны да анықталған. Нәтижесінде су құрамы өзгермегенмен жаман ақпаратты сіңірген су молекулаларының формасы өзгеруінен, барлық ғылымның уланғанын жапон ғылымы Эноту Массури дәлелдеген.

Бабам тамсанған бір қазына – жел. Жел – температурасы жердің арасындағы қысымға байланысты, кез-келген толмай тұрған ортаға қарай ағатын ауа ағысы. Желдің бірнеше түрі бар. Мысалы, өте күшті жылдамдықпен үйіріліп соғатын дауылдар жүздеген шақырымдарды қамтиды. Солтүстік Американың оңтүстігіндегі Торнадо («үйірілген») құйыны жиі болып тұрады. Солтүстік шығыстан соғатын суық желді, ежелгі гректер мифінде, жел құдайының есімімен Боре (қазақтың Боран сөзіне қандай ұқсас еді?..) деп атаған. Дүниежүзілік тұрақты желдер жіктелуін зерттейтін ғылыми-зерттеу институттарының мәліметінде ең дауылды жерлер, тынық күндері бір айға да жетпейтін Антарктидадағы Денисон мүйісі деп танылған. Қозғаушы күш Жел болмаса, «көшпеген» бұлт сары далаға жетпей, бу алған өзен-көліне ғана жауатыны, иіс-қоңысы ауада тұнып-тұрып алса ауру-ажал көбейіп, тіпті бүкіл әлем 3-ақ күнде шіріп кетерін елестету қиын болмаса керек. Жел тіршіліктің өсіп-өнуіне, ететін қызметіне сай жеті қазынаның бірі деп тапқан дана бабаларымыз!

Жеті қазынаның біріне Ай планетасын жатқызған. Ай өзінен жарық шығармайтын, жерден 50 есеге жуық кіші планета. Есімі де латынның Lina - табиғи серік деген сөзінен шығыпты. Қараңғы түнді жарық қылар қасиетіне сай, ай көркемдігіне тәнті болған бабаларымыз ұрпағына есімін де берген. Айға деген құрметтің ұлтымызда түрлері аз емес, мен бұл жерде Айға қатысты басқа бір қасиеттерді ұсынбақпын. Табиғатпен үндесе қимылдап, өзін Табиғат-Ананың перзенті ретінде таныған бабалар ілімі, күнделікті тірлікте Ай заңына мойынұсынған және жетер жетістігі мен орындалар мақсаттар нәтижесін сақтауға тиісті Ай билігіне сәйкестік екенін жете түсінген. Тамағын дайындау, егін егу, көші-қоны, малын бағу, ұрпақ өсіру, ем қабылдау, ота жасату, құрылыс салу, біліммен айналысу, жаумен соғысу ең аяғы шаш алдыру мен үйін тазалауға дейін Айдың жүріс-тұрысы, ритміне қарай үйкестіруге ұмтылған. Түнгі шамшырақ - Ай, күндізді жарық қылған Күн, біздің білуімізше жердің өз осінен айналуынан алмасып тұрады деп танимыз. Бірақ сондай жүйелілікпен жолға қойылған және одан бір сәтте айнымайтын Ұлы заңдылықтың, мыңдаған кішкентай заңдылықтардан тұратынын жете терең түсінген бабаларым, жеті қазынасының біріне Ай планетасын жатқызған! Ай – ұлы қазына! Егер ұлтымыз баба білігіне сай өркениетті болғысы келсе, әр салаға сәйкес келетін Алла заңдарына, үйлесімді әрекет ету міндеттілігі ақиқат!

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жастар Маңғыстауға белгілі кәсіпкерлерімен кездесті

Бабамыз таныған ұлы қазынаның бірі, осыдан 14 ғасыр бұрын, 23 жыл бойы Алладан түскен – Құран (Білім) кітабы. Бұл қасиетті кітап 60 тілге 2668 рет аударылыпты. Құран Кәрім тек өлікке оқылатын кітап деп ойлайтындар бар болар, ақиқатында бұл Жаратушының ереже-заң кітабы. Бабаларымыз білімді меңзей тұрып, Құранды атап айтқанында, аса терең пәлсапа жатыр. Себебі білімнің тіршілікке пайдасымен қатар зияны да бар, ұлт ұстанатын баба біліміне жат, өзге танымдағы білімдер бар, оны көзі қарақты замандас айырады, бір замандарда жауыздардың қолына түспесін деген игі мақсатпен белгілі бір зиялысына ғана ауызша тарататын, жалпы халықтан құпия білімдер болғанына да тарих куә. Білімнің қазына екенін мойындамайтын халық жоқ, себебі бірнеше ғасырлар қойнауынан небір Адамзаттың жауһар асыл ойлары мен өнері бүгінге білімнің арқасында ғана жетті, ең бастысы соның ішінен Алла кітабының тіршілік иелеріне тұтастай пайдалы екенін айқындап, жеті қазынасына қосқан.

Бір ғана мысал, қазіргі заманда рентген сәулесі арқылы ғана ана құрсағындағы даму процесін ашып, ғылыми тұжырым жасалуда. Ал бұл құран аяттарында тап қазіргідей баяндалған. Осы жайлы Канаданың анатомия профессоры Доктор Мур мен АҚШ ғылыми-зерттеу Ислам академиясының атақты ғалымы Шейх Мустафа былай дейді: «Құранда пайдаланылған терминдер эмбрионның әр сатыда даму өзгерістерінде болып жатқан әр түрлі процестерді хронологиялық тәртіппен, өте дәлдікпен баяндап береді. Адамның іште дамуы жайлы көптеген ғылыми жаңалықтар 20-ғасырда микроскоппен белгілі болып жатқанда 7-ғасырдағы Мұхаммедке (с.ғ.с.) ондай нәрселер қайдан белгілі болсын, Алла Тағалаға біздің өсіп-дамуымыз емес, біздің өмірімізде, жасаған әрекеттерімізде белгілі» Ал енді, құран білімі барлық адамзатқа қазына емес дей аласыз ба?

Ал ең кереметі бұл Құран ілімінің бүгінгі ғылымға белгілісі бар болғаны сегіз пайыз екенін білсеңіз, Бабаларымыз қасиетті қазынасына қандай байлықтарды ғана енгізгенін ұғып, Баба білігіне еріксіз басыңызды иер едіңіз! Көкірегі ояу, көңілі жүйрік халықтың, ғасырлар бойғы құдыретті даналықты ой-толғамдарын таныта білген, Бабалардың білім маржандарын, қымбат қазыналарын зерделегенде, өзіңді әлі сәбидей сезініп, парасат-пайымның ғасырлардан жеткен терең де бедерлі ізіне таң қаласың! Бабамыздың «жеті қазынасы» - бүкіл адамзаттың ортақ кереметі, осы байлығымызды парасатты бағалай білейік, ағайын!

Әзірбай БЕКИЕВ, Шебір ауылы

1731
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
біле жүріңіз аудан тынысы
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

АИТ вирусын жұқтырмауға болады

Келесі жаңалық

Каддафи шын мәнінде жауыз адам болған ба?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Көзді қалай күту керек?

    [ 2019 ] 11 желтоқсан, 05:45
    3403

    Түпқараған ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді

    [ 2019 ] 30 мамыр, 07:56
    549

    Мамандар үй кезегіне тұруға қандай құжаттар қажеттігін түсіндірді

    [ 2019 ] 7 наурыз, 09:09
    751

    Мал өсіріп, бордақылап сататындарға қандай талап қойылады?

    [ 2019 ] 7 наурыз, 06:09
    678

    Жеті қазынаны жете білейікші

    [ 2018 ] 25 мамыр, 11:05
    1732

    Маңғыстаудың айбынды ерлері

    [ 2018 ] 11 мамыр, 11:02
    1234

    Рубрикалар

      Байланыс мәліметтері Қарақия Жаңалықтар Әдебиет анонс Ашық қоғам Маңғыстау жаңалықтары Экономика Ауыл өмірі Маңғыстау Рухани жаңғыру Фото

    Автордың басқа да жазбалары

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    243

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    233

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    828

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    368

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    178

    Балықшылар демалыс орны бой көтереді

    11 ақпан, 16:00
    236

    Paragraph

    Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Яндекс.Метрика

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»