Каддафи шын мәнінде жауыз адам болған ба?
[ 2018 ] 31 мамыр, 12:16 | Біле жүріңіз
Әлем 2011 жылы тағынан төңкеріп тастаған, батыстың көзімен қарағанда «ұлы диктатор» Муамар Каддафи шын мәнінде соншалықты жауыз һәм қатыгез болған ба? Бұл сұрақ аясында фактілер өзгеше жырды жырлайды. Қолда барда алтынның қадірі жоқ екені белгілі жайт. Өмірден өткеннен кейін ғана барып адамның қадірі мен алған орны белгілі болмақ. Батыстың капитализмін қатаң сынға алып, социализмді жақтаса да, өз елінде орнатуды мақсат тұтпаған Муамар Каддафи басқаруды жаңа түрі Джамахерияны құрды. Сонымен Джамахерия көсемі Муамар әл-Каддафи жайлы бір үзік сыр шертсек...
- Толық есімі: Муамар бен Мұхаммед Абу Меньяр Салям бен Хамид Әл-Каддафи. Алайда, әлемде бұл ұлы тұлғаның есімін қалай дұрыс жазылатынын ешкім де білмейді деседі. Себебі, Каддафи есімінің латын әріпімен жазылудың отыздан астам түрі кездеседі. Сондықтан да БАҚ беттерінде оны Gaddafi, Gathafi, Gadafy, Qaddafi деп әр түрлі жазу жиі кездеседі. Ал Каддафиді өз халқы мен африкалықтар «Ливияның арыстаны» деп атаған, бұл атау көсемнің өзіне де ұнаған екен.
- Каддафи өмірін зерттеуші биографтар оның нақты туған жылын дөп басып айта алмайды. Олар Ливияның арыстаны 1940 жылы өмірге келген десе, Каддафидің өзі 1942 жылы 19 маусымда Сирт қаласынан 30 шақырым жерде кіндік қаны тамғанын айтқан.
- Каддафидің әкесі әл-каддафа тайпасынан шыққан. Әкесі өмір бойы түйе мен ешкі баққан бедуин (арабтардың малшысы) болған. Ал анасы болса өмір бойы үй шаруасындағы әйел болған. Каддафи әкесінің өмірін мақтан тұтқан, ол түйе баққан мұсылманды кедей емес, нағыз азат адам деп таныған деседі. Ол тіпті шетелге сапар шеккен сәтте де шұбатты алып шыққан екен. Түйе малына ерекше құрмет көрсетіп, өз елінде түйе шаруашылығын дамытуға пәрмен берген. «Үнемі түйені көрген сәтте, әкемнің түйе баққан жастық шағын көз алдыма елестетемін, шексіз құм далада кезіп жүрген мұсылманның азат жаны көз алдыма келеді»-деп айтуды «Ливиялық арыстан» ұнатқан екен. Алайда Каддафидің шығу тегі жайлы өзге де деректер бар. Оның өмірін зерттеуші кейбір ғалымдар оның әкесі өзге адам болған деген болжамға келеді. Биографтардың айтуы бойынша, «Азат Франция» офицері, ұшқыш болған француздық Альберта Прециози Каддафидің әкесі болған. Ұшқыш 1941 жылы Ливияның шөл даласына құлаған деседі, ал оның денесі сол күйі табылмаған. Осыған сәйкес зерттеушілер оның Каддафидің әкесі болуы мүмкін екендігін алға тартады. Сыртқы бет бейнесіне қарағанда көсем мен ұшқыш бір-біріне өте ұқсас.
- 1969 жылы Ливияда мемлекеттік төңкеріс жасап, билікке келген Каддафи халықтың жағдайын жақсартуға барын салған. Ең алдымен ол әйелдердің құқығын қорғауды алға тартқан екен. Тіпті өзінің жеке күзетшісі ретінде 40 қызды таңдап алып, өмірден озғанша солардың қорғауына сенген. Бұл әрекерке мұсылман елдерінің көбінде әйелдердің құқығының тапталып жатқанын көргеннен кейін барған болатын.
- Билік басында болған сәтте өзге елдердің дамуында кеткен қателіктер мен артықшылықтарды есептеп отыратын комитет құрып, мемлекетте олқылықтар пайда болса дереу арада реттеп отыру керектігін бұйырған. Ол әр адамның өмірінде үлгі тұтарлық азамат болуы тиіс деп есептейтін. Аврахам Линколнь мен Махатма Гандиді үлгі тұтқан Каддафи, олардың отты сөздерін комитет есігінің жақтауына іліп қойған деседі.
- «Ливиялық арыстан» өзінің өмірінде халқы үшін жақсылықтар жасаудан аянып қалмады:
Билік басына келе салып, бірден өзге елдердің әскери базаларын шығарып тастады. Тек қана өз елінің әскери қуаты күшьті мемлекет қана, өзгелерден биік тұрады деген ұстанымды ұстанған басшының бұл әрекетін ел халқы бірден қолдады.
Мемлекеттің жағдайы жақсы болу үшін сол елдің халқының жағдайы жақсы болу керектігін түсінген көсем барлық әлеуметтік нысандар мен қызмет түрлерін тегін қылуға тырысты. Пәтерақы, электр жарығы, су мен газ, жоғары білім алу мен шетелде тәжірибе жинақтау түгелдейін тегін болды.
Денсаулық саласына Ливия басшысы ерекше көңіл бөлген. Дені сау ұлттың ғана ертеңгі атар таңы жарық болмақ. Сондықтанда Каддафи денсаулық саласына ұшан-теңіз қаражат жұмсады. Дәріханаларда дәрілер тегін берілді, ал кімде-кім дәрілерді қолдан жасап сататын болса, олар өлім жазасына кесілетін заң шығарды. Сондай-ақ, медбикелердің жалақысын 1000 долларға көтеріп, шетелде емделгісі келгендерге шексіз берілетін тегін квота еңгізді.
Отбасын құру мен отбасы құндылықтарына ерекше көңіл бөлуді жөндеп санады. Сол үшін ол үйленген жастарға баспаналы болсын деп 64 мың доллар қаражаттан бөліп отырды. Ал нәрестелі болған сәтте жас сәбиге көмек ретінде 7 мың доллар мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінді. Көп балалы лтбасыларға арнап арнайы азық-түлік дүкендерін салдыртты. Ол дүкендердегі баға өзге дүгендердегі бағадан 50% арзан болды. Отбасының әрбір мүшесіне жыл сайын мемлекет 1000 доллар көлеміндегі бір реттік дотация беріп отырды. Егерде кімде-кім жұмыссыз қалса, оған жұмыс тауып алғанше ай сайын 760 доллар көлемінде жәрдемақы тағайындады.
Муамар Каддафи елінде заңсыздықты толыққанды жойғысы келді. Сол ізгі мақсатты іске асыру барысында барлық риэлторлық (мердігерлік) қызмет түрлеріне қатаң тыйым салды. Ол мердігерлікті алаяқтық деп атап, бұл қызмет түрімен айналысатындарды 10-20 жыл бас бостандығынан айыру жайлы заң шығартты. Мерзімі өтіп кеткен азық-түлікті сатқан сауда орындары жабылып, заңсыздыққа жол берген азаматтар ұзақ жылға темір торға тоғытылды. Ал арақ-шарап сататын мекемелерді өзге салаға бейімдеп беріп, мемлекетте алкогольді ішімдік түрлеріне тыйым салды.
Ливия Африка құрлығындағы ең шөлді мемлекет екені белгілі. Сахараның бір бөлшегіне жататын бұл шөлді аймақта ауыз су мәселесі бірінші орында тұрған еді. Бірақ Муамар бұл мәселенің де оңтайлы шешімін тапты. Шөл даланың қақ ортасынан су шығаруға бұйрық беріп, оған 90 млрд доллар қаражат бөлді. Нәтижесі көп күттірмеді. Мамандар барын салып, шөл даланың қақ ортасынан 500 метр төмендіктен су шығарды. Ендігі таңда Ливия шөлді аймақ емес, жайқалған жасыл мекенге айналып сала берді. Осы игілікті ісі үшін ел халқы Каддафиді «Су шығарған Муамар» деп атап кетті. Сумен қоса жеміс-жидек өсіру шаруашылығы да өркендей түсті. Жеміс жидектің 80% шетелден алатын Ливия, енді өзі жеміс-жидек экспортын дамытты.
Каддафи өз өмірінің барлық кезеңін күреспен өткізген жан. Ол барлық мұсылман елдерінің басын біріктіріп, ортақ ұйым құруды армандады. Израильдің Палестинаға жүргізген саясатын айыптап, үнемі Палестинаға қаржылай көмек беріп отырды. Африкадағы тоқтаусыз соғыстар мен аштықты, кемсіту мен кедейшілікті ауызбіршіліктің жоқтығының кесірінен деп біліп, Африка Құрама Штаттарын құру арқылы бұл мәселелерді шешу керектігін мәлімдеді.
Муамар Каддафи билік еткен тұста Ливия халқының саны 3 есеге артып, балалар өлімі 9 есеге дейін кеміген еді. Ал адам өмірінің ұзақтығы 51 жастан 74 жасқа дейін ұзарды. Өмірі өнегеге толы Муамар 2011 жылы Ливиядағы азаматтық соғыс кезінде қанқұйлы лаңкестердің қолынан қаза тапты. Сол сәтте бүкіл әлем диктатор тақтан құлады деп қуана жар салған еді.
Каддафидің ұлы сөздері:
Бүгін рухы өлген ұлт ертең қабірде жатары анық.
Мені өлтіру мүмкін емес, өйткені мен миллиондаған адамдардың жүрегінде мәңгі өмір сүремін.
Дайындаған Айгүл ДӘДЕН
2349
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.