Қазақстандағы халық саны 19 миллионға жақындады
[ 2019 ] 14 қараша, 06:11 | Қоғам
Бүгін 14 қараша сағат 11:11-де еліміздегі халықтың нақты саны 18 858 781 болып отыр. Экономикалық және әлеуметтік мәселелер департаментінің мәліметі бойынша countrymeters.info сайтындағы халық санын автоматты есептеп тұратын есептегіш осы санды көрсетіп тұр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Бұл порталда ақпарат секунд сайын жаңаланып отыратынын ескерсек, 1 сағат ішінде орта есеппен 20-ға жуық бала өмірге келетінін байқауға болады. Ал бүгіннің өзінде, яғни 11 сағат ішінде 540 сәби дүние есігін ашса, 210-нан аса адам қаза болған. Айта кетейік, сайт ақпаратына сүйенсек биыл елімізде халық саны 251 мыңға өскен.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
1080
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте
WhatsApp Mail.ru Telegram
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.