Зиянды жәндіктерге дезинсекция қалай жасалуы тиіс?
[ 2019 ] 10 маусым, 11:43 | Біле жүріңіз
Дезинсекция (лат. іnsecta – жәндік) – ауру қоздырғыштарын тарататын зиянды жәндіктерді жою үшін қолданылатын санитарлық шаралардың бірі. Дезинсекцияның мақсаты – ауру қоздырып, тарататын жәндіктерді жою және олардың өсіп-өнуіне, көбеюіне жол бермеу. Десекте қазіргі таңда жеке меншік рұқсатсыз қызмет етіп жатқан дезинсекциялық ұйымдардың көбеюі, сапасыз дезинсекциялық жұмыстардың жүргізілуі халыққа зардабын тигізуде.
Айта кетсек, Мұнайлы ауданында 2018 жылдың қараша айында Маңғыстау ауылынан қандалаға қарсы сапасыз дезинсекциялық жұмыстар жүргізу салдарынан тұрғындарға зардап (
2 адамның өлімімен аяқталды) келді. Мұнайлы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының жүргізген эпидемиологиялық зерттеуі барысында Маңғыстау ауылындағы 42 үйдің тұрғыны үйінде қандала шығуына орай, әлеуметтік желі арқылы жеке меншік дезинсекциялық ұйымын тауып, үйіне дезинсекциялық жұмыстар жүргізген. Сол үйден улану жағдайымен шұғыл хабарлама келуіне орай эпидемиологиялық зерттеу барысында подъездде өткір химиялық иістің бар екендігі анықталып, зерттеу жүргізуге «Ұлттық сараптама орталығы» мамандары шақырылып, 42-ші үйге хлор, азот, аммиак, уксус қышқылының ауадағы мөлшері зерттеліп, зерттеу нәтижесінде аммиактың мөлшері 10-15 есеге жоғары екендігі анықталды. Яғни, дезинсекциялық жұмыстың сапасыз жүргізілгенінің, дезинсекциялық құрылғылардың мөлшері шамадан тыс екеніне дәлел. Аталған дәріні Ақтау қаласындағы 22 шағынауданда орналасқан базардан алған
«Квикфос» таблетка түріндегі дәрі-дәрмегін қолданған. Алған дәрі-дәрмегінің құрамы, қолдану әдістері туралы ақпарат білмейтіні анықталды. Дезинсекциялық жұмыс жасаған
тұлғаға қылмыстық іс қозғалды.
Жоғарыда айтылғандарды болашақта болдырмау мақсатында тұрғындар назарына дезинсекциялық жұмыстар жүргізуге сұраныс жасау барысында төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауы сұралады.
- Дезинсекциялық жұмыстар жасайтын құрылғылар Қазақстан Республикасында рұқсат етілген болуы тиіс (оны мына сайттан қарасаңыз болады: mz.gov.kz).
- Жұмыс жүргізу үшін жасы 18-ден кем емес арнайы медициналық талаптарға сай, арнайы тексеруден өткен адам ғана осы жұмысқа босатылады.
- Мамандығы бойынша рұқсат қағазын алған тұлға ғана жұмыс істеуге құқылы болып табылады.
- Жұмысқа кіріспес бұрын қызметкер арнайы оқу-тәжірибеден өткен және де еңбек ережелерімен танысқан болуы керек.
- Өзі атқаратын жұмыс бойынша теориялық білімі мен еңбек стажы болуы керек.
- Қызметкерді қауіпсіздік шаралары бойынша теориялық білімін кем дегенде 3 айда бір рет тексеруден өткізу керек.
- Дезинсекциялық заттармен жұмыс істеушілер қауіпсіздік техникасы талаптарына сай арнайы киіммен және жеке бас қауіпсіздік заттарымен (СИЗ) қамтамасыз етілуі тиіс.
Дезинсекция қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалардың басшылары:
- дезиинфекциялық қызметті жүзеге асыру процесінде өзіндік және қоғамдық қауіпсіздік шараларының сақталуын;
- өндірістік бақылауды, соның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтарды өткізу арқылы жүзеге асыруды;
- халыққа, халықтың санитариялық эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелеріне халықтың денсаулығына қауіп төндіретін апаттық жағдайлар немесе технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
Объектілерде дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объекті әкімшісінің (тапсырыс берушінің) өкілі болғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй жайдағы адамдарды іс-шаралардың жүргізілуі және тиісті сақтандыру шаралары туралы алдын ала хабардар ету қажет. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануаларының болуына рұқсат етілмейтіндігін Мұнайлы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ескертеді.
Айнагүл САТЫБАЛДИЕВА,
Мұнайлы аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы
3377
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.