Бөдене жұмыртқасы – өте бағалы диеталық өнім. Әрдайым 4-5 жұмыртқа жеп отырсаңыз, бұлшық ет жүйесі мен сүйектер қатаяды, қан қысымы төмендейді, жүрек, бүйрек, өкпе, асқазан ауруларын емдеуге көмектеседі, ағзадағы радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды шығарады.
Бөдененің бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болса, оның құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасындағыдан бес есе көп, ал темір 4,5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондай-ақ олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасындағыдан гөрі әлдеқайда жоғары. Құрамы осындай азықпен жүйелі қоректенген адамның әртүрлі ауру-сырқауға қарсы тұрар дәрмені артып, жүрек-қан тамырлар жүйесі мен ас қорыту мүшелерінің жұмысы жақсарады. Бөдене жұмыртқасынан дайындалған тағамды тұтынатын адамдарда радиациялық аурулар жеңіл түрде болатыны дәлелденген. Бөдене жұмыртқаларының емдік қасиеттері ертеден белгілі.
Оларды демікпе, созылмалы өкпе ауруын, туберкулезді, созылмалы гастрит, асқазан ауруын, өт іріктелетін қалта ауруы мен өт жолдарын, жүрек-қан тамырларының жетіспеушілігін, рахит, қан аздық, сәуле ауруларын емдеуде қолданады. Бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында таптырмайды және адам бетінің түсін жақсартады.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Ер Лабаққа ескерткіш тақта орнатылдыШетелдік биоөндіріс саласында бөдене жұмыртқасының негізінде әртүрлі маскалар мен кремдер шығарылады. Бөденелердің басты артықшылығы – олардың кішігірім шұбар ала (түрлі-түсті) жұмыртқалары. Олар витаминдермен амин қышқылдарына өте бай, гипоаллергенді. Бөдене жұмыртқаларын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға, оның ішінде туберкулезге қарсы күресуін жоғарылатады. Оларды шикі күйінде пайдалану кезінде Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға көмектескені тарихта бар.
Ұлдана ТӨНГЕБАЕВА, №10 орта мектептің 6 сынып оқушысы
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН