©
«Маңғыстау - Алматы-2» бағытында қатынайтын № 377/378 пойызының жүру уақытын қысқарту туралы шешім жолаушылардың өтініштері мен тілектерін ескере отырып қабылданған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Пойыздың жүру уақытын азайту үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің келісімі алынған. Енді 2018 жылдың 9 желтоқсанынан бастап Маңғыстаудан Алматыға сапар шеккендер үшін пойыздың жүру уақытын 4 сағатқа қысқа болмақ. Бұл үшін құзырлы орган пойыздың жылдамдықты арттырып отыр.
Бейнеу – Атырау – Қиғаш арқылы «Ташкент - Мәскеу» қатынасындағы №349/350 пойызы аптасына бір рет жүретін болады. Бұл пойызды «УТЙ» АҚ жасақтаған.
Сонымен қатар 9 желтоқсаннан бастап күнара жүретін «Қарағанды-Томск-2» бағытында пойыз қатынамақ.
Бұған дейін Шымкент-Қызылорда станциясы арқылы өткен «Алматы-2 - Орал» пойызының маршруты өзгеріп, 2019 жылдың 2 қаңтарынан бастап пойыз Астана – Тобыл станциясы арқылы жүрмек.
Айта кетелік, жолаушылар Қазақстандағы пойыз қозғалысының кестесі туралы ақпаратты «105» нөмірі арқылы ала алады.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет Талант ҚҰСАЙЫН