• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Жүз жыл бұрын не болған?

    [ 2018 ] 16 қараша, 05:30  |  Біле жүріңіз

    2018 жыл аяқталуға таяу. Бұл жыл ширегінде жер шары үстінде түрлі өзгерістер мен жаңалықтар орын алды, тарих парағы шимайлана түсті. Осы жыл ішіндегі түрлі оқиғаларды өзіміздің хәл-хәдірімізше көрдік, жіберіп алмауға тырыстық, сараладық, өзгелермен бөлістік.

    Не керек, жыл бойына жағымыз бір тынған жоқ, рас. Алайда кей кездері ойыңа қайдан келгені белгісіз, «Жүз жыл бұрын не болды екен?» деген сықылды сұрақтар сап ете түседі. Бүгін сол сұрақтарға бірге жауап тауып көрелік.

    Жүз жыл бұрынғы уақыт, яғни 1918 жыл дегеніңіз біздің заманымыздың 1918 жылы, екінші мыңжыл­дықтың 918 жылы, ХХ ғасырдың 18 жылы, ХХ ғасыр екінші онжылдығының 8 жылы, григориан күнтіз­бесіндегі сейсенбі күн.

    Бұл жыл қытай күнтізбесінде 4614-­4615 жылдарға, армяндық шіркеу күнтізбесінде 1367 жылға, көне армян календарында 4410-­4411 жылдарға, ислам күнтізбесі бойынша 1336-­1337 жылдарға, буддизм күнпарағында 2461 жылға, иран күнтізбесінде 1296-­1297 жылдарға сәйкес келеді.

    Әлемде:

    1918 жылы 8 қаңтарда – АҚШ президенті Вудро Вильсонның «Он төрт тармақтан тұратын соғыстан кейінгі бейбіт реттеу туралы ұсынысы» жасалды. Бұл Бірінші дүниежүзілік соғысқа нүкте қойған құжат болды. Ал, соғыстың өзі естеріңізде болса, 1918 жылдың 11-­айдың 11­-күнгі таңертеңгі сағат 11-­де аяқталған болатын.

    22 қаңтарда Украина Халық Республикасының тә­уелсіздігі толық мойындалды.

    27 қаңтарда Финляндияда азаматтық соғыс өрті тұтанды.

    28 қаңтар - ­3 ақпан аралығында Берлинде және өзге де Германия қалаларында соғысқа қарсы көтерілістер мен ереуілдер болды. Бір жылдың өзінде 773 ереуілдік қозғалыстар орын алған екен.

    12 ақпанда Түрік әскері Кавказға басып кірді.

    24 ақпанда Эстония тәуелсіздігі туралы декларация жарияланды.

    25 ақпанда Ревельге неміс әскері басып кірді.

    2 наурызда Алматыда (сол уақыттағы қала атауы­ Верный) Совет билігіне ереуіл болды.

    3 наурызда Брест бейбіт бітіміне қол қойылды.

    25 наурызда Белорусь ұлт­тық қозғалысының қайрат­керлері Белорусь Халық Республикасының құрылғаны туралы жариялады.

    30 мамырда Баку қала­сында ұлтаралық қақтығыс басталды. 30 сәуірде Түркістан Авто­номиялық Социалистік Совет республикасы құрылды. 15 мамырда Бірінші совет­фин соғысы басталды. 28 мамырда Әзірбайжан демократиялық республика­сы жарияланды. 11 шілдеде Литва патша­лығы құрылды. 4 тамызда Британ әскері Бакуге басып кірді. 20 қыркүйекте жиырма алты бакулық комиссар атылды. 30 қазанда Австрияда төңкеріс орын алды.

    11 қарашада Бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. Дәл осы жылы Германияда монархияны құлатып, буржуазиялық­-парламенттік республика орнатқан Қа­раша революциясы орын алды.

    Әдебиет саласы бойынша бұл жыл ішінде Эдгар Берроуздың «Марс Құдайлары» романы жарыққа шықты. Александр Блоктың «Он екі» поэмасы жа­зылды. Лео Перуцтың «Тоғыз бен тоғыздың арасы» романы дүниеге келді. Дүниеге келген туындылардан бөлек әлемді мойындатқан тұлғалар да аз емес. Әйгілі режиссер Ингмар Бергман да, жазушы Александр Солженицын да 1918 жылы дүниеге келген. Ал фран­цуз ақыны, танымал Гийом Аполлинер, қылқалам ше­берлері Густав Климт пен Эгон Шиле дәл осы жылы өздерінің нұрлы ғұмырларын аяқтап, ақырғы сапар­ларына жол тартыпты.

    Қазақстанда:

    16 қаңтарда Жалпыұлттық басылымға айналып үл­герген араб графикасы негізіндегі «Қазақ» газеті өзінің ең соңғы 265­-нөмірін шығарып, өз жұмысын мерзімінен бұрын аяқтауға мәжбүр болды.

    4 ақпанда ағартушылық бағытты ұстанған «Абай» журналы Семей қаласында шыға бастады. Шығару­шылар: Жүсіпбек Аймауытов пен Мұхтар Әуезов.

    Наурызда Халел мен Жаһанша Досмұхаммедтер Алашорда атынан Мәскеуге барып, Ленинмен, Сталинмен кездесіп, ІІ Жалпықазақ сьезінің қаулысын табыс етті.

    20 сәуірде Ташкентте Түркістан кеңестерінің сьезі болды.

    30 шілдеде алаш ұранды «Жас азамат» газеті шыға бастады.

    11 қыркүйекте Батыс Алашорда үкіметі құрылды.

    Дәл осы жылы Б.Анненковтың казактары Лепсіде 250 адамды өртеді.

    Сонымен қатар, бұл жылы 1916 жылы Жетісуда қазақ халқының ұлт­-азаттық көтерілісін ұйымдасты­рушы Тоқаш Бокин дүниеден өтті. Дүниеге жазушы Тәкен Әлімқұлов, батыр Қасым Қайсенов, күйші Төлеген Момбеков, ақын Қайнекей Жармағанбетов келді.

    Дәл осы жылы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Адасқан өмір», «Таныстыру» поэмалары, Жүсіпбек Аймауытовтың «Бетім-­ау, құдағи ғой» әңгімесі, Сәкен Сейфуллиннің «Жас қазақ марсельезасы» өлеңі жа­зылды. Ғұмар Қараштың «Тұрымтай» кітабы жарыққа шықты.

    Маңғыстауда:

    Бұл жылы Маңғыстау жыраулық мектебінің соңғы тұяғының бірі, ақын Өмір Қараұлы дүниеден озды.

    Маңғыстау ревкомының төрағасы болып Тобанияз Әлниязұлы тағайындалды.

    Тамызда Форт-­Александровск қалашығына Әліби Жангелдин бастаған интернационалдық отряд келді.

    Тамыз-­қазан аралығында Жалау Мыңбаев уезді ашаршылықтан арашалау үшін Қызыл Арбаттан 10 ва­гон астық дайындатып, өлкелік азық-­түлік басқар­масынан 100 000 сом алуға қол жеткізіп, оны Фортқа жөнелтті.

    Форттағы жеңісті қорғау үшін Қызыл рота (құжаттар­да Қызыл Армия) құрылды. Төрағасы: И.Н.Бажанкин, мүшелері: А.Е.Баутин, Ф.В.Кузин, т.б.

    Желтоқсанда Жалау Мыңбаев өлкедегі тұңғыш рет дүниеге келген «Бірлік» жастар ұйымына төраға болып сайланды.

    Еділбек ДҮЙСЕН

    1931
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    біле жүріңіз қызық дерек
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    «Маңғыстау - Алматы-2» пойызының жүру уақыты қысқарды

    Келесі жаңалық

    Жыл қайырудан жаңылыспайық

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңбаның тарихы

      [ 2019 ] 3 маусым, 05:43
      3746

      "Құралайдың салқыны" деп қай мезгілді атаған?

      [ 2019 ] 22 мамыр, 08:31
      48490

      Адамның ақылы мидың салмағына байланысты ма?

      [ 2019 ] 10 сәуір, 06:23
      5058

      Құмырсқалар не үшін соғысады? (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 8 сәуір, 10:00
      3987

      Жүз жыл бұрын не болған?

      [ 2018 ] 16 қараша, 05:30
      1932

      Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы

      [ 2018 ] 13 қыркүйек, 08:52
      4209

      Рубрикалар

        ҚоғамБіле жүріңізБайланыс мәліметтеріСаясатТағайындауМұнайлыАуыл өміріҚызық дерекКомплаенс

      Автордың басқа да жазбалары

      Мұрын жыраудың мерейтойына арналған конференция өтіп жатыр

      [ 2019 ] 14 қараша, 08:51
      1712

      Таушықта  «Әбіштану» кабинеті ашылды

      [ 2019 ] 9 қазан, 11:46
      2165

      Мәжіліс депутаты — Түпқарағанда

      [ 2019 ] 29 тамыз, 06:50
      1454

      Абыз жайлы аз-кем сөз

      [ 2019 ] 20 маусым, 06:54
      2796

      Мұражай-үйлер – ішкі туризмге ашылған қақпа

      [ 2019 ] 13 маусым, 06:43
      2639

      Мыңжылдықтар құшағындағы Маңғыстау

      [ 2019 ] 31 мамыр, 06:45
      1728

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»