• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 8 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Тамара Дүйсенова Маңғыстауда «Ауыл аманаты» бағдарламасының жүзеге асу бары...

Туған өлке тарихын толғаған

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай тұрғындарды қабылдады...

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

    Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы

    [ 2018 ] 13 қыркүйек, 08:52  |  Біле жүріңіз

    XIX ғасырдың басы – қазақтың ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық билігі әлсіреген кезең еді. Хандарды орыстың патша үкіметі тағайындай бастап, олардың қызметін де бақылап отырды. «Хан» деген лауазымы болғанымен, өкілеттілігі шектелген. Тиісінше, осы кездегі зор тарихи міндет халық батырларына тиесілі болды. Олар елді басқыншы жаулардан қорғап, мемлекеттің бірлігі мен территория тұтастығын сақтап, ішкі-сыртқы саясатпен қатар айналысып, би деңгейіне де көтерілді. Осы кезеңдегі ішкі және сыртқы факторлар қазақ қоғамындағы батырлардың саяси, әлеуметтік мәртебесінің күшеюіне ықпал етті. Сондықтан ел басына күн туған сәттерде саяси басымдық батырлар қолына өтті. Олардың туының астынан табылу – жаужүрек жұрттың жауынгер ұландары үшін зор мәртебе болатын.

    1812 жылы Александр І пат­шаның жарлығымен Кі­ші жүз екіге бөлінгенде: Ішкі ордада – Бөкей, Жайықтың сол жағасынан шығыс жақтағы өңірде Шерғазы Айшуақұлы хан болып жарияланғаны белгілі. Осы оқи­ғалар қарсаңындағы тарихи құжаттарда Дау­ымшар батыр Қуатұлы үлкен саясатқа арала­сып, өз жақтастарымен бірге халық өкілдері ретінде Шерғазы ханның билікке келуіне сенім білдіріп, қолдау көрсеткені туралы деректерді естігенмін.

    Биыл яғни 2018 жылы шілде айында көп­тен бері армандап, жете алмай жүрген Орын­бор қаласының тарихи мұрағатына кіріп, талай құжаттарды көріп-­біліп жазып алдым.

    2017 жылы 14 маусым күні Батыс Қа­зақстан облысы, Теректі ауданының Бекей ауылы маңындағы қорымнан 1797­-1805 жыл­дар аралығында Кіші жүздің ханы болған Ай­шуақ Əбілқайырұлының құлпытасы табылып, араб қаріпінде жазылған мәтіні оқылды: 1812 жылы 15 сәуірде 85 жасында қайтыс болған. Демек Айшуақ Əбілқайырұлы 1727 жылы туған. Төмендегі іс-­қағазда айтылған Шерғазы сұлтан – Кіші жүздің ханы болған Айшуақтың баласы.

    6 қор, 10 тізбе, 716 іс Орынбор Əскери губернатордың кеңсесі Кіші орда хандарын сайлау туралы іс-қағаз. Шерғазы сұлтан Айшуақовты Хан атағына ұлықтау рәсімі

    Бұйрықта көрсетілгендей, 1812 жылы 22 тамыз күні Орынбордың барлық әскерлері рәсімнің басталуына дайын болып, Айырбас алаңына (Меновая двор) қырғыздың (қазақтың - Н.Қ.) сұлтандары, рубасылары, старшина, билері мен әскери топтағылар ханды таққа отырғызу салтанатына жиылып, таңғы са­ғат 9-­да  үлкен  бастықтың  үйіне жиналсын, - деп полиция мен барлық шенеуніктер қала тұрғындарына жар салады. Əскери сапта 200 казак полкінің Орынбор казактары, подпол­ ковник Бориссеннің артиллерия ротасы, Орынбор гарнизон полкі, 300 башқұрт және Жайықтың су қақпасының қорған дуалына 6 гарнизон артиллериялық қару орнатылады. Генерал­майор Кавалер Гертценберг барлық әскерлерге бұйрық беріп басқарады, ал мәрте­белі Императорды нөкерлерімен белгіленген жерінде квартирмейстер бөлімінің полковник­ мырзасы Кавалер Вистицкий орналастырады. Тағайындау орнына хан келген бойы, барлық майдан барабан әуенімен оған ізет етеді.

    Салтанатты күн қарсаңында штабс­-офицер мен обер-­офицерлер тілмашпен бірге күн іл­гері шөл далаға кетіп, ханға белгілі атақ­даңқ беру туралы алдын ала хабарлайды, орда әс­керлеріне далада мол тамақ таратылады.

    Бекіністе мерейтой күні таңғы сағат 7-­ден түн жарымына дейін 3 рет зеңбірек атылады. Сағат 8­-де штабс-­офицер мен 2 обер-­офи цер, тілмаш пен қарауылшы жасағымен жа­зық далаға шығып, аса мәртебелі Шерғазы Айшуақовқа мерекелік іс­-шара басталатынын ескертеді және одан ордалық рубасылары һәм қырғыздармен бірге таққа отырғызу орнына келулерін өтініп сұрайды. Салтанатқа келу уақыты сағат 11 деп белгіленеді. Штаб-с­офи­цермен бірге арнайы күймеге отырғызылған Хан жанына бір сұлтан мен тілмаш алып отырады, обер-­офицерлер басқа сұлтандармен бірге жайғасады. Ханның күймесіне қарауыл­шы жасақ пен атақты ордалықтар ере жүреді. Хан алдында Орынборлық казак полкінің төрт уряднигімен бірге екі обер-­офицер жүріп отырады. Қарауылшы жасақ екінші тептяр казактар полкі елу адамнан тұрады. Генерал­ майор Мосеев қарауылшы жасақты басқара­ды. Қалған қырғыздар жеңіл арбаның ізінде тәртіппен тыныш келеді.

    Шерғазы сұлтанның ордасынан шығып келе жатқанын обер­-офицер сол бойда бас қолбасшы мырзасына асыға жеткізеді.

    Хабар жетісімен қолбасшы мырза нөкер­лерімен бірге ханды ұлықтау орнына жүріп ке­теді. Ол бекіністен өтіп жүре бергенде, бекініс­ке орнатылған қарудан 7 рет мылтық атылады. Жайықтан өтетін жерде, көпірдің қасында казактың офицерлері және урядниктері бар Орынбор казактары полкінің командирі майор Овдеев мырза күтіп алады.

    Бас қолбасшы жақындағанда және белгілен­ген орынға хан келген бойда, барлық әскери күзетте тұрғандар барабан соғып, әуенімен жүріп өтеді.

    Қолбасшы дайындалған орынға шығысы­мен, қырғыздарға былай деп хабарлайды:

    – Аса қадірлі, баршаға рақымды Император мырза Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтайды. Бұл аса маңызды грамотаны зейін қойып тыңдаңыздар!

    Аса маңызды грамота орыс және татар тіл­дерінде дауыстап оқылады, – сосын Ханға ант беруге ұсыныс жасалады, алдын ала да­йындалған кілемдерге тізерлеп отырып, мұ­сылман дінбасы белгіленген тәртіппен оқып отырады. Хан оны сөзбе­-сөз қайталайды, ант беру аяқталған соң, жаңадан тағайындалған хан Құран кітабын сүйіп, басына көтереді, ар­тынша орнынан тұрып, антқа өзінің мөрі мен қолын қояды. Бәрі біткенде, дабыл қағылып, подполковник Бориссен мырзаның ротасы он екі зеңбірек қаруынан 21 рет атады, бекіністің алты қаруынан 2 рет атады, барабан дабылы және әуеннің дыбысымен бірге мылтықтан жиілетіп тағы да атады. Сол мезгілде Ханға бұлғын тон жабылып, қылыш және бас киім кигізіледі. Бас қолбасшы куәлік табыстайды; Хан оны сүйіп тұрып төбесіне көтереді; бас киімді генерал­-майор Быковский мырза кигі­зеді, тонды полковник Ермолаев мырза, ал қылышты подполковник Кочкин мырза тапсы­рады. Артынша Хан өз ордасына кетеді, ал бас қолбасшы қалаға оралады.

    Сағат күндізгі 4-­те Ханды алып келуге жеңіл арбамен штабс­-офицер барады. Ханға нөкерлерімен түскі асқа келулерін өтінеді; сағат 5-­те бас қолбасшы кетеді.

    Түскі ас дастарханында бас қолбасшы да, Хан да өздерінің нөкерлері мен әлеуметі, ше­неуніктерімен бірге әуен дыбысымен кезде­седі. Аса мәртебелі Императордың денсаулығы үшін алып жатқанда, 11 рет мылтық атылады. Жарықтық билеуші Император тегіне 9 рет мылтық атылады. Ханның жеңімпаз әскеріне жеті рет, орданың құрметіне бес рет мылтық атылады. Бас қолбасшы мен бұқара құрметіне 7 рет мылтық атылады. Түстен кейін музыкалық би кеші басталып, ас­-ауқат таратылады да, Хан ордасына қайтады.

    Келесі күні салтанат құрмай қырғыздарға далада тамақ үлестіреді, үшінші күні сыйлық таратылып, шөл далада қоштасу дастарханы ретінде түскі ас әзірленеді.

    Шерғазы сұлтанның қасына қазақтың дала­сынан орыс еліне Кіші жүздің игі жақсылары: батырлары, билері, старшындары мен мырза­лары еріп барады. Барлығы да тиісті сый-­сия­патын алады.

    Олар: Әлім руынан: Ожырай тайпасы
    • Өтебай Көдешұлы
    • Бөше Айшуақұлы
    • Байғожа бай Құлымбетұлы
    • Байболды Спақұлы
    • Жәнібек Есенәліұлы
    • Сүтемген Əзберұлы
    • Мәку Айдынбайұлы
    • Бақай Есенұлы
    • Құлбатыр Əбескеұлы
    • Есім Сағынұлы
    • Назар тайпасы:
    • Байтура Тоқанұлы
    • Дәулеткелді Бесбайұлы
    • Мінті Ақжігітұлы
    • Қондыбай Талақұлы
    • Айтуған Құрмантайұлы
    • Бекмырза Жетібайұлы
    • Қадырбай Ағайдарұлы
    • Ебес Сарыұлы
    • Естай Барғанаұлы
    • Санбай Бостақұлы
    • Қосбай Тағыбердіұлы
    • Тілеу Байтақұлы (Тілеубай Тоқұлы бо­луы мүмкін)
    • Қаражан Бәубекұлы
    • Жекей тайпасы
    • Бердібек Жұбанұлы
    • Бұқабай Досанұлы
    • Өмірзақ Досымұлы
    • Қалдыбай Тәңірбергенұлы
    • Тұрғажы Бәйтерекұлы
    • Бөртбай Күрбайұлы
    • Кетебай Ақанұлы
    • Самалық Дауылбайұлына
    • Сақал Тілеуліұлына
    • Жұмабек Бұқарұлы
    • Әлімұлы руының Шүрен тайпасы
    • Санамас Сердалыұлына – жібек зат
    • Мықбай Есенұлы
    • Есболды Сердалыұлы
    • Бекшеби Алтайұлы
    • Байсары Асауұлы
    • Темірбек Сабақұлы
    • Тастемірби Бердалыұлы
    • Төле Санбайұлы
    • Жортшы Бостанұлы
    • Жұмбақ би Бердалыұлы
    • Төлеш би Шөкейұлы
    • Сары би Байқасқаұлы
    • Аусам Тоқтабайұлы
    • Есенгелді Жаңбыршыұлы
    • Тұяқбай Шуақұлы
    • Тұғман би Қарлыбайұлы
    • Бекберген Биғалыұлы
    • Бердібек Қожагелдіұлы
    • Жаманбай Малтабарұлы
    • Қосбарақ Бітәнұлы
    • Ақылбай Көрпебайұлы
    • Старшиналар 22. Мамыр Сейітқожа 23. Қажыбайға 24. Жанболға 25. Қонақбайға 26. Байханға 27. Ермұхамедке Көшкінші тайпасының билері
    • Қышлеубай Күнтуарұлына
    • Сансызбай Айтуарұлына
    • Қамалбай Нәдірбайұлына
    • Бәйтілеп Арықұлына
    • Сағынай Тілемісұлына
    • Қырғыз тайпасы
    • Темірбек Қойлыбайұлына
    • Аман Тілеубайұлына
    • Таңсық Қожаға
    • Самалық Дауылбайұлына
    • Мысқал Тілеуліұлына
    • Жалымбек Бұхарұлына
    • Қабақ тайпасы
    • Мұхамеджан Қазыұлына – жібек зат
    • Сарышоңай би Ғалибайұлына – жарты
    • Мұхамед Бақы Қазыұлына – жібек зат
    • Нығметолла Қарамолдаұлына
    • Жайылған молда Қазыұлына
    • Досмұхамед молда Қазыұлына
    • Ахметжан Қазысұхамедұлына
    • Төлек Жиғақұлына
    • Жаманша Санғарақұлына
    • Жәдігер би Асанұлына
    • Жылқыбай би Мырзағалиұлына – бір былғары
    • Жандәулет биге – жібек зат
    • Дос би Тілемісұлына
    • Майбек би Ізбасарұлына
    • Қасай би Толыбайұлына
    • Сансызбай би Сүгірәліұлына
    • Таңатар биге
    • Молдар Көлбайұлына
    • Шоңай би Мұхаедалыұлына
    • Өтеген би Наурызбайұлына – бір былғары
    • Келкібай Қарашаұлы – жарым былғары
    • Бекберген Бегалыұлы
    • Бердібек Қожакелдіұлы
    • Жаманбай Малтабарұлына
    • Қосбармақ Битенұлына
    • Алқабай Күржебайұлына
    • Старшиндар 27. Мірсейітқожа 28. Қажыбай 29. Жанбол 30. Қонақбай 31. Байхан 32. Ермұхамед Шекті руының кішкене тайпасы
    • Жанұзақ Маңғытаұлына – барша
    • Сүгірәлі би Жанназарұлына – барша
    • Байнияз би – жібектен тоқылған зат
    • Қожаберген Ерназарұлына – барша
    • Тоқтабол Өмірбекұлына
    • Жанқұл Баубекұлына
    • Қондыгер Ақжолұлына
    • Ержан Айдосұлына
    • Сейіталы Досанұлына
    • Тізенбай Итемгенұлына
    • Шаты Дайұлына
    • Сәдір Темірұлына
    • Молдабай Алтайұлына
    • Ноғай Дайұлына
    • Рахманқұл Қосабармақұлына
    • Наршабай Айдолұлына
    • Бұқа Атшыбайұлына
    • Көшер бай Жанұлына
    • Бекберген Сайынұлына
    • Дөпенбай Аманұлы
    • Қабембай Елемесұлына
    • Шонай Тамашаұлына
    • Қаракесек руының старшиндары мен билері
    • Жанақ Тілеуұлы
    • Байшағыр Жоланұлы
    • Құдыс Наурызбайұлы (Қуыс)
    • Біржан Құбанұлы
    • Есей бінше Тінбекұлы
    • Ақжол Бекбауұлы
    • Алдасүгір Қабақұлы
    • Сұлбу Бектемірұлы
    • Бөкенбай Шәукеұлы
    • Жанқылыш тайпасының билері
    • Байшуақ Түгелбайұлы
    • Назар Жарылбақұлы
    • Сәтен Байшуақұлы
    • Байғұл Жекебайұлы
    • Старшиндары
    • Жанұзақ Әліұлы
    • Құлжабай
    • Ноғай
    • Ағайдар
    • Ықылас
    • Есенбай
    • Батырлар
    • Салты
    • Сағыр
    • Бұқарбай
    • Жолшора
    • Тұрғанбай
    • Тасболат
    • Мырзалар
    • Тоқсанбай
    • Қожаберген
    • Мағмұр
    • Нұрмұхамед
    • Жанқұлы
    • Қуат
    • Төртқара тайпасының билері
    • Ескене Мұхамедұлы
    • Ералы Сүңгібайұлы
    • Тұрлыбай Оразалыұлы
    • Естау Есіркепұлы
    • Жауқашты Ақжігітұлы
    • Тұяқ Батырбайұлы
    • Сәндібай Сүңгібайұлы
    • Өтеміс Байшораұлы
    • Бөкенбай Айдарбекұлы
    • Тілеу тайпасының старшиндары мен билері, батырлары және мырзалары
    • Қаражігіт Молдабекұлы
    • Жайылған Қазыбайұлы
    • Тұрлыбай Оразалыұлы
    • Азамат Серғазыұлы
    • Ескене Байқожаұлы
    • Мүсіреп Бектауұлы
    • Алтасбай Айбасұлы
    • Төлеп Сәмәмбетұлы
    • Жазмұхамед Мұратұлы
    • Байбол Тымқараұлы
    • Қойайдар Құрмашұлы
    • Қонысбай Бектауұлы
    • Ықылас Қонызақұлы
    • Құлжігіт Ержігітұлы
    • Жүзбай Төлебауұлы
    • Ізбасар Тілеубердіұлы
    • Байқабыл Шамғайұлы
    • Әмір Ақаұлы
    • Масақ Досанұлы
    • Бақыбас Қырманғайұлы
    • Базы Өтегенұлы
    • Мыңбай Ақбайұлы
    • Әлібек Өтесұлы
    • Билері
    • Жүсіп Жайылғанұлы
    • Жанысбай Бектауұлы
    • Сағыр Азынақұлұлы
    • Өсер Қаражігітұлы
    • Мірмаға Татанұлы
    • Баған Достанұлы
    • Тұғырбай Сәдібақұлы
    • Бекбол
    • Бостанбай
    • Жанқабыл
    • Батырлар
    • Бекболат
    • Аман
    • Әлиқожа
    • Жанақ
    • Көпбол
    • Әміршонақ
    • Құламан
    • Баймырза
    • Мырзалар
    • Тұрмұхамед Бозбайұлы
    • Қосақ Нұржігітұлы
    • Жанғаш Қажыбайұлы
    • Жақып Құлтайұлы
    • Сейтен
    • Дос
    • Тұрмұхамед Ханғаұлы
    • Құлпейіс
    • Мыңбай Қозбекұлы
    • Шыбынтай
    • Ожырай руының Қорошы тайпасының старшиндары мен билерге
    • Майкүл Бозбақұлы
    • Қожықұл Шуашұлы
    • Күнтай Қараманұлы
    • Толыбай Жабағыұлы
    • Қожабек Бақыұлы
    • Көшекбай Егүзбай
    • Атбол Кенжебайұлы
    • Байбол Сайынұлы
    • Дәптерхаты Байұлы руының құрметті сұлтандары мен билеріне старшиндарына Адай руы
    • Дауымшар Құттықадамұлы
    • Аманалы Төлепұлы
    • Түнғатар Әліұлы
    • Өтеміс Жанықұлұлы
    • Оғланбай Жаманұлы
    • Байұлы
    • Қожасейіт Атажарұлы
    • Сұлтанқожа
    • Қошмағамбетқожа
    • Беріш руының старшиндары
    • Кетебай
    • Атамбек
    • Жыртық
    • Итемген
    • Ханкелді
    • Жанғай
    • Тошы
    • Бүркітбай
    • Кунте
    • Наурыз
    • Өрбас
    • Жанмырза
    • Баймырза
    • Елқонды
    • Оразалы
    • Көшекбай
    • Тоқтамыс
    • Тобалық
    • Есіркеп
    • Тоқбай
    • Тілеп
    • Мойнақ
    • Байбақты руының билері мен старшиндары
    • Өтеген
    • Айғыртеке
    • Абыз
    • Қисық
    • Томы
    • Тоқтар
    • Қамыт
    • Таңтаң
    • Баташы
    • Келдібай
    • Науша
    • Бабаашал
    • Өгіз
    • Байтуған
    • Дуан
    • Абыз
    • Айдаркен
    • Бекжан
    • Тілес
    • Барқақ
    • Жолқұтты
    • Орынбор қаласына барған сапарымызда, жиған-терген көп деректеріміздің бірі – осы құжатқа сүйене отырып, сол  тұстағы  кейбір елеулі оқиғалар мен аттары аталған тарихи тұлғалардың өмір сүрген уақытын анықтауға мүмкіндік туды. Мәселен, бұған дейін айтылып, жазылып келе жатқан Жем өзені бойындағы халық батыры Дауымшар Құттықадамұлы бастаған жорық 1810 жылы емес, 1812-1820 жылдар аралығында болған сияқты. Өйткені осы тұста Ресей патша үкіметі тарапынан қабылданған жарғы бойынша хандық билік біржола жойылды.

      Энциклопедиялық анықтамаларға сүйенсек, Шерғазы Айшуақұлы (туған жылы  бел-гісіз – 29.08.1845) – Кіші жүздің ханы (1812-1824). Әбілқайыр ханның немересі. Айлакер, дипломаттық қабілетімен ерекшеленген. 1812 жылы Александр І патшаның жарлығымен Кіші жүз екіге бөлінді: Ішкі Ордада Бөкей, Жайықтың сол жағасынан шығыс жақтағы өңірде Шерғазы хан болып жарияланды. Оның хан болған кезеңі – Кіші жүзде саяси қайшылықтардың ең шиеленіскен заманына тура келді. Әсіресе қолына хандық тимеген Қаратай сұлтан  Шерғазыны  мойындамады. Көптеген мәселелерді хандық кеңестің төрағасысұлтан Медетғали Тұрдәлиұлы шешіп отырды. Өзін хан деп жариялаған Арынғазы сұлтан да Шерғазыға қарсылық білдірді. Орынбор губернаторы П.К.Эссен Арынғазыны қолдады. Бір жағынан Қаратаймен, екінші жағынан Арынғазымен тайталастан әбден жалыққан Шерғазы 1819 жылы Петербургке барып, Ресей патшасынан тікелей қолдау табуға тырысты. Алайда ойлаған мақсатына жете алмады. Шекаралық комиссияның төрағасы В.Тимковский тартысқа көп араласпай, не- гізінен бейтарап саясат ұстанды. Ресейден үмітін үзген Шерғазы Хиуа хандығына арқа сүйемек болды. Беделді, ақылды бәйбішесі Анам ханым Әбілқайыр тұқымдарының басын жиыстырып, Шерғазының билігін күшейтуге тырысты. Алайда Эссен Сыртқы істер министрлігінің жанындағы Азия істері жөніндегі комитеттің тапсырмасымен Кіші жүзде хандықты жоюдың шараларын ұйымдастырды. «Орынбор қырғыздары туралы жарғының» қабылдануымен хандықтың жойылуына байланысты 1824 жылы мамыр айында Шерғазы орнынан алынып, Орынборға мемлекеттік қызметке тағайындалды. Алайда елін аңсаған Шерғазы 1825 жылдың күзінде жасырын ауылына қайтып оралды. Патша үкіметінің қудалауынан сескенген хан Хиуа хандығынан баспана іздеді. Шерғазыны қолға түсіруге тырысқан Орынбор шекаралық комиссиясы оның үлкен ұлдары Мұхамедқазы мен Ермұхамедті «әкелерінің дүниесін ауылына жеткізу» дегенді желеу етіп, қалаға шақыртты. Алайда аманат ретінде қапасқа қамалудан қорыққан Шерғазы балалары Орынборға барудан бас тартты. Шерғазы осыдан кейін саяси өмірге көп араласқан жоқ. Өкімет те оның қауіпсіздігіне көзі жетіп, 1500 сом жылдық жалақы тағайындады. Шерғазы Хиуа хандығын Ресеймен соғысуға үгіттеп, сол арқылы хандықты қалпына келтіруді көкседі. Бірақ арманына жете алмай, ұзаққа созылған науқастан дүние салды.

      Дереккөздер

    • Киргизы Оренбургского ведомства // Материалы для географии и статистики России, Мейер Л., СПб, 1865.
    • Государственные деятели казахских ханств в 18 – первой четверти 19 вв, Касымбаев Ж.К., 3-том, Алматы,
    • Нұрлан ҚҰЛБАЕВ, «Маңғыстау  мемлекеттік  тарихи-мәдени қорығы» ММ директоры

      Суреттер Facebook әлеуметтік желісінен алынған

      [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="60769,60768"]
      4208
      Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
      біле жүріңіз қызық дерек
      Image placeholder

      Маңғыстау Медиа

      Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

      Алдыңғы жаңалық

      Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген қарақұлақ жайлы не білесіз?

      Келесі жаңалық

      Судың адам денсаулығына пайдасы

      Пікірлер


        Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
        Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңбаның тарихы

      [ 2019 ] 3 маусым, 05:43
      3746

      "Құралайдың салқыны" деп қай мезгілді атаған?

      [ 2019 ] 22 мамыр, 08:31
      48490

      Адамның ақылы мидың салмағына байланысты ма?

      [ 2019 ] 10 сәуір, 06:23
      5058

      Құмырсқалар не үшін соғысады? (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 8 сәуір, 10:00
      3987

      Жүз жыл бұрын не болған?

      [ 2018 ] 16 қараша, 05:30
      1931

      Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы

      [ 2018 ] 13 қыркүйек, 08:52
      4209

      Рубрикалар

        БайқауАуыл өміріБайланыс мәліметтеріТағайындауРедакция газеттеріРедакцияӘдебиетСұхбатМәдениет

      Автордың басқа да жазбалары

      Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

      [ 2021 ] 16 маусым, 18:15
      3229

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      [ 2021 ] 18 ақпан, 10:38
      2983

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      [ 2021 ] 17 ақпан, 11:32
      2822

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      [ 2021 ] 13 ақпан, 10:46
      3280

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      [ 2021 ] 13 ақпан, 09:53
      3091

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      [ 2021 ] 12 ақпан, 16:18
      3065

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»