• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 3 Қара. 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Ақтауда «Патриот бол» атты гала концерт өтті...

Маңғыстау облысының әкімі қазақ-өзбек шекарасы аумағында арнайы бажсыз сауд...

Туған өлке тарихын толғаған

Ақтау қалалық мәслихаты хабарлайды...

Ақтауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті...

    "Құралайдың салқыны" деп қай мезгілді атаған?

    [ 2019 ] 22 мамыр, 08:31  |  Біле жүріңіз

    Түсті шықтар шөптерге, Жауатындай қар, түрі. Соғады әр жыл көктемде, Құралайдың салқыны. Баяғы сол тәртібі – келеді жел арқылы, Лағы боп киіктің құралайдың салқыны. Қазақтың ақыны Сырбай Мәуленов осылай деп жырлаған "құралайдың салқыны" туралы білесіз бе? Қыс мезгілі аяқталып, халық қалың киімін тастап, күн жылыған көктемде ауа райының қайта суытатыны бар. 14-27 мамырдың аралығына тұспа-тұс келетін бұл кезеңді қазақ "құралайдың салқыны" деп атаған. Құралай - киіктің лағы. Халық ұғымында «Құралайдың салқыны» - мамыр айының екінші жартысынан басталып, он шақты күнге созылатын дауылды қара суық, құбылмалы күндер. Адамға да, малға да жайсыз қара суық түсіп, ызғырық жел соғып, тіпті кей жерде қар жауады. Қазақтың есепшілері текебұрқылдақ амалы – текелердің шағылысатын кезіне қарап, құралайдың салқыны амалының уақытын дәл анықтап отырған. Құралайдың салқыны аталатын себебі бұл кезде киіктер төлдеп, құралайының кіндігі түседі. Әрі киік төлдер кезде желге қарсы жүгіріп, төлдеуге қабілетті болады екен. Бұған табиғаттың тылсым күшімен соққан қатты суық жел жәрдемдеседі. Бір қызығы, даланы кезген барлық киік осы екі-үш күннің ішінде төлдеп үлгереді. Енесі жанында болмаған кезде құралай тапжылмастан жата береді екен. Үлкендердің айтуынша, аналық киік кез келген құралайды емізіп, бауырына ала береді. Сондықтан ыстық жаз түскенде құралайдың далада жетім қалмайтыны осыдан. Киік өзінің лағын осы мерзімде өргізеді. Яғни, құралайдың салқынында жел тұрып, жаңа туған лақ желге қарсы жүгіріп, тынысын ашып, тез аяқтанып кететін көрінеді. Киіктер сағаты 60 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады. Жаңа туған лақ екі сағатта аяққа тұрып, екі күнде енесіне ере алады. Киік төлдеген суық кезде етке құмар дала жыртқышының тәбеті қашып, етке жақындай алмайды деседі. Тек құралай аяғына тұрып, енесіне еріп жүре алатын шақта ғана жыртқыш аңдардың етке деген тәбеті қайта оралады. Тағы бір қызық жайт - киік төлдер кезде сайын далада түйе­табан өсімдігі шығады. Оның жасылдау-қызғылт үлкен жапырақтары жаңа туған құралайды қырағы көз бүркіттен жасырып тұрады. Қазақ киікті қасиетті жануарлардың қатарына жатқызып, қызына Құралай есімін берген. Ауыз әдебиетінде киікке байланысты аңыз-әңгіме көп сақталған. Ақын-жазушылар да жанары үлкен, қара көзді аруларды құралайға, аққұбаша әдемі бойжеткенді ақбөкенге теңеген. Сәкен Сейфуллин "Жәндіктің киік деген баласы бар" деп жырласа, Әсет Найманбайұлы "Көрсем де де құралайды атқаным жоқ, Ұқсаттым Мақпал жанға шын жүректен" деп жазған. Бір аңызда Жерұйықты іздеген Асан Қайғы бір жерге «Қырында киік жайлаған, суында балық ойнаған» деген баға беріпті. Халық аузында айтылатын діни қиссалардың бірінде Адам ата жерге түскен кезде пейіштен інжірдің бес жапырағын алып түскені айтылады. Жапырақтың бірін бал арасы, екіншісін жібек құрты, енді бірін киік жеген делінеді. Қалған екеуін Адам ата жерге егіпті. Содан бері киік пейіштің жемісін жеген киелі аңға айналыпты.

    Суреттер әлеуметтік желіден алынды

    48437
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    біле жүріңіз қызық дерек
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Дуадақ - Үстірт қорығында қорғауға алынған көрікті құс

    Келесі жаңалық

    Пітір садақа берудің маңызы неде?

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Мемлекеттік Ту, Әнұран мен Елтаңбаның тарихы

      [ 2019 ] 3 маусым, 05:43
      3742

      "Құралайдың салқыны" деп қай мезгілді атаған?

      [ 2019 ] 22 мамыр, 08:31
      48438

      Адамның ақылы мидың салмағына байланысты ма?

      [ 2019 ] 10 сәуір, 06:23
      5039

      Құмырсқалар не үшін соғысады? (ФОТО, ВИДЕО)

      [ 2019 ] 8 сәуір, 10:00
      3970

      Жүз жыл бұрын не болған?

      [ 2018 ] 16 қараша, 05:30
      1923

      Шерғазы сұлтанды Хан атағына ұлықтау және салтанатқа қатысқан кейбір тарихи тұлғалар туралы

      [ 2018 ] 13 қыркүйек, 08:52
      4202

      Рубрикалар

        АНТИКОРМұнайлыСұхбатТағайындауФотоЖаңалықтарМаңғыстауҚызық дерекМаңғыстау жаңалықтарыРухани жаңғыру

      Автордың басқа да жазбалары

      Жағадағы "жайма базар": ақтаулықтарды толғандырған мәселе талқыланды

      [ 2019 ] 13 маусым, 05:51
      2369

      Маңғыстаулықтар сайлау учаскесіне келіп дауыс беруде

      [ 2019 ] 9 маусым, 11:10
      1844

      Маңғыстауда сайлаушылардың 52 пайызы өз таңдауын жасады

      [ 2019 ] 9 маусым, 08:55
      2171

      Маңғыстауда Президент сайлауына дауыс беру басталды

      [ 2019 ] 9 маусым, 04:20
      1791

      Маңғыстауда сайлауды 23 шетелдік байқаушы бақылайды

      [ 2019 ] 8 маусым, 10:56
      1855

      Маңғыстауда бір мезетте 2 мың адам Қазақстанның Әнұранын орындады

      [ 2019 ] 4 маусым, 06:59
      2224

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»