• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сейсенбi, 2 Наур. 2021

Қосымшалар

Редакция +7 (7292) 20 48 34 hat@mangystaumedia.kz
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Бозжыраның бүгінгі бейнесі (ФОТО)...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді...

Аққулар қанат қаққанда (ФОТО)

Қазақстан сарбаздары мен туыстары бір толқында тілдесті...

«Маңғыстау-Ақтөбе» пойызының сапасы сын көтермейді - Жолсеріктер...

  • USD: 417.9 ₸
  • EUR: 503.07 ₸
  • RUB: 5.64 ₸

Пітір садақа берудің маңызы неде?

[ 2019 ] 23 мамыр, 13:57  |  Біле жүріңіз

©

Алла ризалығы үшін жасалған әрбір іс пен берілген затты садақа дейміз. Берілетін садақаның үлкен-кішісі болмайды. Не берілсе де ықыласпен Алла разылығы үшін берілуі қажет. "Оң қолың бергенді сол қолың көрмесін" хадисіне сәйкес берілген садақа мен жасалған жақсылықты жасырын жасау - ең абзал амалдың бірі. Ораза айы басталысымен баршамыз пітір садақасын беруге асығамыз. Биылғы пітір садақаның мөлшері 300 теңге ретінде бекітілді. Бұл пітір садақаның ең төменгі мөлшері болып табылады. Діни басқармадағылар садақаны аталған мөлшерден артық беруге де болатынын айтты. Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады. 2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталып, 4 маусымда аяқталады. «Пітір садақасы» дегеніміз «садақа» деп аталуымен - ақ мол сауаптың көзі екенін аңғартады. Әрі ол барша мұсылманға уәжіп, яғни міндетті деп саналған. Пітір садақа һижреттің екінші жылы, Рамазан оразасы парыз етілген жылы міндеттелді. Зекеттен бұрын пітір садақа уәжіп болды. Сол себепті әрбір есті азамат пітір садақасын беруі қажет. Хадисші Уәкиъ ибн әл-Жәррах (р.а.) пітір жайында: «Рамазан айындағы пітір садақа – намаздағы сәһу сәждесі іспетті. Намазда жіберген қателікті, сәһу сәждесін жасау арқылы толықтырамыз. Ал Рамазанда жіберген кем-кетіктерді пітір садақасын беру арқылы жоямыз», деген.

Пітір садақаны беру кімге міндеттелгеніне тоқталсақ:

1. Мұсылман болуы шарт; 2. Ешкімнің қол астында, яғни құлдықта емес, азат адам; 3. Өзінің қажетінен артық мүлкі бар адам. Міне, осыларға пітір садақа беру уәжіп етілген. Ол тұрмысы төмен, отбасын асырай алмай отырған адамға міндет емес. Өйткені Пайғамбарымыз: (C.Ғ.С.) «(Пітір) Садақаны беру қалталы адамдарға міндеттеледі», деген (Фатхуль Бари, Китабуз Закат – 1432). Пітір садақадан түскен қаражат кедей-кепшікке, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, кембағалдар мен көмекке зәру жандарға қажетін өтеу үшін беріледі. Пітір садақасын беру әрбір мұсылман ер және әйел үшін уәжіп. Ер адам өзі және балиғат жасына толмаған бала-шағасы үшін беруі тиіс. Балиғат жасынан асқан балалары мен әйелі үшін пітір беру міндеттелмейді, бірақ сауап үшін берсе, екі есе сауабын алады. Ата-әжесі, туған әке-шешесі, отбасын құрып кеткен балалары, туысқандары үшін пітір берілмейді. Бірақ жағдайы нашар, алыс-жақын туған-туыстары, бауырлары арасындағы тұрмысы нашар кісіге пітір садақасын беруіне болады. Тіпті оларға беру, өзгелерге бергенінен екі есе сауабы көп. Өйткені  Пайғамбарымыз өзінің бір хадисінде: «Садақаны туысына берген адамға екі сауап бар: Бірі - туыстық сауабы, екіншісі садақа сауабы», деген.

Пітір садақаның мөлшері 

Хадистерге сүйене отырып, мешіт имамдары пітір құнын шамалап бекіткен. Пітір садақа мына төрт нәрсенің кез-келген біреуінің өзінен немесе құны нан беріледі.
  • Бидай немесе бидай ұнының уәжіп болған мөлшері: 1 келі 459 грамм немесе осы мөлшердің құны;
  • Арпа немесе арпа ұнының уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 грамм немесе осы мөлшердің құны;
  • Құрғатылған жүзімнің уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 грамм немесе осы мөлшердің құны;
  • Құрғатылған құрманың уәжіп болған мөлшері: 2 келі 918 грамм немесе осы мөлшердің құны (Ислам ғылымхалы., М.Исаұлы,Қ. Жолдыбайұлы).
  • Ибн Омардан риуаят етеді: «Расулуллааһ бір саъ құрма немесе арпадан пітір садақа беруді бәріне міндеттеген. Ол барлығына: қожайын мен құлға, кіші мен үлкенге, ер мен әйелге пітір беруді міндеттеді» (Бухари, Муслим). Пітірді ақшамен берсе, абзал болады, өйткені кедейдің қажеті ақшамен тез өтеледі. Әбу Юсуф (р.а.): «Бидайдың орнына ұн, ал ұн мен би дайдың орнына бұл екеуінің дирһамын (ақшасын) берген абзал. Өйткені садақа берудегі мақсат - мұқтаждың қажетін өтеу» деген. Алла Тағала қасиетті Құранда: «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар»,-дейді («Әли Ғимран» сүресі, 92-аят).

    Пітір садақаның уақыты

    Пітір садақаны Ораза айт намазы басталғанға дейін беру міндеттеледі. Пайғам барымыздың: (C.Ғ.С.) «Осындай күнде (айт мейрамы күні) кедейлерді қайыр садақа тілеуге мұқтаж етпең-дер» деген хадисіне сүйеніп, ораза айт намазына дейін берілген садақа жағдайы нашар жандарға таратыла-ды. Мұндағы мақсат – Ораза айт мере-кесінде барлық мұсылманның мерекені қуанышпен қарсы алып, әрбір жанұяда береке орнауы. Әбу Дауд және Тирми-зи Әли ибн Әбу Талибтан (р.а.) риуаят етеді: «Аббас (р.а.) Пайғамбардан (C.Ғ.С.) пітір садақаны тез, яғни айдың басында беруге рұқсат сұраған, Пай ғамбарымыз (C.Ғ.С.) оған рұқсат еткен». Яғни пітір садақаны рамазан айы басталған күннен бастап та беруге болады.

    Пітір садақаны кімге берген дұрыс?

    Ең алдымен туыс-туғандардың ішін-дегі жоқ-жітіктерге, жетім-жесірлерге және басқа да мұқ таждарға беріледі. Егер ондай туыс-туғаны болмаса, көрші-қолаң арасындағы мұқтаждарға беріледі. Міне, бұл – әр адамның өз туыстары мен көршілері және дос-жарандары алдында жауапкершілігі бар екенін білдіретін адамгершілік амалы. Тіптен қажыға баратын адамның туыстары мен көршілерінің мұқтаж болмағаны абзал деген шарттың бар екенін білесіздер. Сондықтан пітірді және басқа садақаларды ең бірінші сондай міскін, жоқ-жітік адамдарға беріп, көмектесу керек. Егер қасыңызда, айналаңызда жоқ болса, онда мешітке бересіз. Мешіт мұқтаж адамдарды тауып, беруге міндетті. Күпірлік ету– «Берген көмегіне садақасына Тәңір, яғни Алла Тағала сөзсіз разы бола-ды, сауап жазады» деп астамшылық сезімге берілу. Сол үшін кез-келген игі, ізгі істі істегенде міндетсіну мен оны мақтан үшін пайдалану күпіршілікке әкеледі. Сол үшін атам қазақ әр кезде істеген ісі үшін "Алла күпірлікке жазбасын!" деп сақтанып отырған. Жақсылық жасадыңыз ба, оны ұмытыңыз. Садақа — ауруға шипа, күнәларды жоюшы, кемшілік тің орнын толтырушы. Ал Рамазан айындағы уәжіп бол ған пітір садақаның сауабы Аллаға аян. Алла разылығы үшін жасаған амалдарыңыз, берген садақаларыңыз, жасаған дұғаларыңыз қабыл болсын!

    Құралбай АМАЛБАЙҰЛЫ, Маңғыстау аудандық мешіттің бас имамы

    931
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    біле жүріңіз
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    "Құралайдың салқыны" деп қай мезгілді атаған?

    Келесі жаңалық

    Түпқараған ауданының төтенше жағдайлар бөлімі ескертеді

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Коронавирустың белгілері және сақтанудың жолдары қандай?

      [ 2020 ] 30 наурыз, 10:37
      1754

      Емхана немесе аурухана сапасыз қызмет көрсетсе қайда шағымдануға болады?

      [ 2020 ] 4 наурыз, 10:59
      1352

      Коронавирустың алғашқы белгілері қандай?

      [ 2020 ] 29 қаңтар, 11:51
      2342

      Көзді қалай күту керек?

      [ 2019 ] 11 желтоқсан, 05:45
      3402

      Қазақстандағы халық саны 19 миллионға жақындады

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:11
      631

      Неліктен жаз мезгілінде ішек инфекциясы көбейіп кетеді?

      [ 2019 ] 12 маусым, 07:56
      819

      Рубрикалар

        Редакция ұжымы Ашық қоғам EXPO - 2017 Сараптама Ауыл өмірі Қарақия Редакция газеттері Денсаулық Мәдениет анонс Экономика Маңғыстау жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

      18 ақпан, 10:38
      243

      Теміржолдағы апат азаймай тұр

      17 ақпан, 11:32
      233

      Бағзы дәуірден үн қатқан...

      13 ақпан, 10:46
      828

      Зейнетақы жинағын алу жолдары

      13 ақпан, 09:53
      368

      Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

      12 ақпан, 16:18
      178

      Балықшылар демалыс орны бой көтереді

      11 ақпан, 16:00
      236

      Paragraph

      Lorem ipsum dolor sit amet, consectetur adipisicing elit. Ducimus itaque, autem necessitatibus voluptate quod mollitia delectus aut, sunt placeat nam vero culpa sapiente consectetur similique, inventore eos fugit cupiditate numquam!

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      mangystaumedia.kz сайтында «Маңғыстау Медиа» ЖШС аясында шығатын облыстық «Маңғыстау» газеті, сондай-ақ қалалық «Жаңаөзен», аудандық «Жаңа өмір», «Рауан», «Ақкетік арайы», «Қарақия», «Мұнайлы» газеттерінде жарияланған материалдар беріліп отырады.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Яндекс.Метрика

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»