Токсиндерді шығару
Адам ағзасында көптеген токсиндік заттар кездеседі. Өндірістің зияны, пайдасыз тағам, көліктен шығатын шаң-тозаң, осының бәрі - біздің ағзамыз кезігетін жағымсыз заттардың бір бөлігі. Одан бөлек тамақты қайта ысыту кезінде көптеген токсиндік заттар пайда болады. Ал бұл кейін тамақтан улануға әкеліп соқтырады. Ағзада судың көптігінен біздің бүйректеріміз жақсы жұмыс істеп, несіппен бірге ағзадағы қажетсіз заттарды шығарады. Ағзадағы тағы бір маңызды мүше бауыр да сусыз жұмыс істей алмайды. Ендеше су ағзаңызды қажетсіз заттардан яғни токсиндерден тазартады.
Еріткіштік қасиет
Біздің өміріміздегі көптеген химиялық реакциялар да судың көмегімен орындалады. Ағзадағы барлық заттар тек ерітінді түрінде. Бұлшық ет, тері, сүйек, бұзылған ткандердің қалыпқа келуі, гормондардың синтезделуі, ферменттер, медиаторлар, бәрі де суды қажет етеді.
Жүрек пен буынның саулығы
Су атеросклероз бен басқа да оның асқынған түрлерінің ең негізгі емі болып табылады. Біз қажетті мөлшерде су ішкенде қан жақсы таралады да, атеросклероздық түйіндердің пайда болуына жол бермейді. Сол себепті жүрек талмасы және инсульт сынды аурулардың алдын алады.
Буындардың қозғалуы әрі ептілігі
Әрбір буында буын сұйықтығы бар. Сол сұйықтықтың арқасында буын қозғалып тұрады. Ал ағзадағы судың аздығы буын сұйықтығының өзгеруіне, құрғауына әкеледі. Буын қиындықпен қозғалып, біздің белсенді әрекет етуімізге кедергі келтіреді.
Денедегі ткандердің қоректенуі
Қан – ағзадағы ткандерге оттегі мен қоректік заттарды әкелетін басты тасымалдаушы. Егер біз сұйықтықты азішетін болсақ, қан қоюланып қалады да, ең ұсақ буындар артериол мен капиллярларға қиындық туады. Ал бұл буындар ағзадағы ткандерді қоректендіреді. Одан бөлек оттегі мен қоректік заттар ағзаға сіңуі үшін де су аса қажет.
Ас қорыту
Су ас қорыту жүйесіне аса қажетті элементтердің бірі. Судың көмегімен ас қорытылады. Ол тағамды қорытады, соңында керек емес заттарды шығаруға үшін де ішекте жеткілікті көлемде су болуы тиіс. Егер сіздің ішіңіз ауыратын болса, су ішу режиміңізге мән беріңіз. Өйткені дәріге жүгіргеннен бұрын су ішуді арттыру да жеткілікті болуы мүмкін.
Иммунитет және су
Су иммундық жүйенің қызметін жақсартады. Біріншіден, иммундық жүйе ағзаға қан арқылы таралады. Ал қан қоюланып қалса, ұсақ буындардың арасына жетуі неғайбыл екенін жоғарыда айттық. Екіншіден, иммундық жасушалардың пайда болуы суды қажет етеді. Үшіншіден, несептің дұрыс айдалмауы мен керек емес заттардың ағзадан толық кетпеуі иммунитетті түсіреді.
Су – дене температурасын реттейді
Сіз спортпен шұғылданған кезде немесе ауа ыстық болса, ағза ыстықтан тер шығару арқылы қорғанады. Тер тері сыртына шығады да, сол әрекетімен ағзаны салқындатады. Айтпақшы, тері токсиндерді шығарудың тағы бір жолы екенін ұмытпаңыздар. Өз ағзаңызға терлеу мүмкіндігін беріңіз. Бұл өте қажет. Ал ол үшін су ішу керек.
Су арықтауға көмектеседі
Егер сіз арықтауды мақсат етіп, диетаға отырып, спортпен шұғылдансаңыз, суды ұмытпаңыз. Су майды жоюға көмектеседі. Әрине арықтау үшін сізге жүгіріп, спортпен айналысып, терлеу қажет. Алайда, сіз қажетті мөлшерде су ішсеңіз, жаттығудан да жақсы қорытынды шығады.
Ми да суды қажет етеді
Бас ауыру, әлсіздік, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі – бұл ағзасындағы су мөлшері аз адамға кездесетін қиындықтар. Орталық жүйке жүйесінде орын алатын өзгерістер, қиын химиялық реакциялар және миға оттегі жеткізу, мұның бәрі суды қажет етеді.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: «7-20-25» арқылы баспаналы болғысы келетіндерге кеңесТерінің әдемілігі сақталады
Жұмсақ, таза тері қандай жағымды әрі әдемі көрінеді! Әрине тері тазалығын сақтау үшін біз түрлі косметикалар қолданамыз, косметологтар кеңесіне жүгінеміз, алайда, судың қажеттілігін де ұмытпаймыз. Суды керекті мөлшерде қолдану терідегі ылғалдықты сақтауға көмектеседі, терінің қартаюына қарсы әрекет етеді.
Ағзаны қалай «суару» қажет?!
Ішетін суды дұрыстап таңдаңыз. Әрине қайнаған суды да ішуге болады. Алайда қайнаған суда көптеген элементтер жойылып кетеді. Сондықтан дәмсіз суды көп іше алмайсыз. Бөтелкеленген суды сатып алыңыз. Табиғи суды алып ішіңіз. Алайда көктемде қар еріген сәттегі су да қауіпті болуы мүмкін. Мұндай кездерде ішек қызметін бұзатын бактериялар кездеседі.
Суды күні бойы ішіңіз. Бір күннің нормасын аз уақытта орындаймын деп ойламаңыз. Өйткені ол бүйрегіңізге күш түсіреді. Ал сәлден соң бұл сұйықтықтың тең жартысы сыртқа кетеді де, ағзаңызға тағы да су жетпеуі мүмкін.
А. ТОЛЫБАЕВА, аудандық салауатты өмір салтын қалыптастыру филиалының меңгерушісі